Коммунист Сыздықов атақ пен байлыққа құмар адамдарды сынады

82

Президенттікке үміткер Тұрғын Сыздықов елді тағы да Батыс мәдениетінен аулақ болуға шақырды.

Тургун Сыздыков
Бұл туралы  хабарлайды.

Коммунистер атынан ұсынылған кандидат әсіресе шетелдің компьютерлік ойындарына ерекше тоқталып, оның адам психологиясына ғана емес, тән саулығына да зиян екенін айтып берді.

Кеше ол Қостанайдағы кондитерлік цехтың қызметкерлерімен кездескен болатын. Сайлаушылармен арада жүрген ұзақ әңгімеден кейін Тұрғын Сыздықов елді тек коммунистік ойлар мен марксизм, ленинизм ілімдері ғана ұшпаққа шығарады деген сенімде.

Ал Батыстың мәдениеті мен басқа да құндылықтары қазақтың басты жауы дейді кандидат. Айтуынша, буржуазиялық елдердің азаматтары адами қасиеттерін жоғалтып, тек атақ пен байлыққа ұмтылады екен.

“Батыс құндылықтарының адамның санасы мен денсаулығына тікелей әсер ететін ықпалы бар. Мысалы, жай ғана компьютерлік ойыншықтардың өзі психика мен денсаулыққа кері әсерін тигізеді”, – дейді президенттікке үміткер Тұрғын Сыздықов.

Дереккөз: КТК арнасы