Непалда жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны 3218 адамға жетті

204

Непалда жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны 3218-ге жетті, — деп хабарлайды РИА Новости

photo_16222

Осыған дейін табиғи апаттан 2500-ге жуық адамның қаза болғаны белгілі еді. «Қаза тапқандар саны 3218-ге жетті және 6500 адам зардап шекті», — деп хабарлады Непалдың апатпен күрес жөніндегі орталықтың басшысы Рамешвор Дангал. Ел билігі республика бойынша төтенше жағдай жариялады. Ал Қытай, Үндістан сияқты көрші елдерде апаттан кем дегенде 90 адам қаза тапты.

Іздеу-құтқару жұмыстарына әскерилер қатысып жатыр. Сонымен қатар, Қытайдан, АҚШ-тан, Канададан, Австралиядан, Жапониядан және Шри-Ланкадан құтқарушылар жұмылды.

Айта кетейік, алапат жер сілкінісінде Қазақстан азаматы Елена Шерпаның жоғалып кеткені белгілі. «Ананта» туристік агенттігінің Непалда тұратын директоры Мария Ефимова гид Елена Шерпаның мәскеулік екі танысы Юлия Вечернинамен және Андрей Корыгинмен тауға кеткенін айтты. Әзірше олармен байланысқа түсу мүмкін болмай отыр.

Еске салайық, 25 сәуірде Непал территориясында магнитудасы 7,9-ға тең жер сілкінісі болды. Соңғы мәліметке қарағанда, 2,5 мың адам қаза тапты. Алапат зілзала жүздеген үй мен құрылысты бұзды. Сонымен қатар, Непалдағы тарихи жәдігер саналатын нысандаржы бүлдірді, 183 жыл бұрын салынған Джарахара ғимаратын бұзылды.

Жергілікті билік өкілдерінің мәліметінше, бұл зілзала Непалда 80 жылдан бері болған ең ірі жер сілкінісі. Жер асты дүмпулері Үндістанда, Бангладеште және Тибетте сезілді.

Tengrinews.kz