Дәрігерлер Батырхан Шүкеновтің өмірін сақтап қалу үшін екі сағат арпалысқан

165

72312fcbfca2abf139694ae451c-630x360Дәрігерлер Батырхан Шүкеновтің өмірін сақтап қалу үшін екі сағат арпалысқан деп хабарлайды mk.ru сайтына сілтеме жасаған Businessnews.kz.

«Московский Комсомолец» басылымының хабарлауынша, 52 жасар Батырхан Шүкенов сейсенбі күні Симфераполь бульварындағы пәтерінде жалғыз өзі болыпты. Ол кешкі сағат 22.00-де жүрегі қатты ауырғандықтан, 03 нөмірін теріп, жедел жәрдем шақырады.

Ауруханаға жеткізілген әншіге дәрігерлер инфарк деп диагноз қояды. Жансақтау бригадасы есінен танып қалған Батырхан Шүкеновке 2 сағат бойы медициналық көмек көрсетеді. Алғашқыда әнші өз өзіне келгенімен, артынша қайта әлсіреген. Ақырында Батырхан Шүкеновтің жүрегі тоқтап қалады. Оған себеп инфарк күшейіп кеткен.

Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық әнші Батырхан Шүкенов 1962 жылы туған. Ол 1988 жылы «А’Студио» тобын ұйымдастырады. Одан 2000 жылы бөлініп шығады. Әншінің есімі тек Қазақстанда емес, Ресейде де кең танымал.