Болашақта қазақты не күтіп тұр?

427

b07809166677a3e1ab4c961ab731f476

 Cурет:alashainasy.kz

 Болашақта қазақ мемлекетінің тәуелсіздігінің беріктігін сақтап баянды ету үшін, қазақ жеріндегі нағыз қазақтарға сыртқы жауларынан қорғанып қана қоймай, қазақтың өз ішіндегі шала қазақтар мен догмаға ұрынған діндар қазақтармен де ымырасыз күрес күтіп тұр ма деп ойлаймын. Бірінші: шала қазақтар негізінен 70 жылдық кеңестік отарлық кезеңде орыстанып кеткен қазақтар ( т.б ұлтқа сіңіп кеткендер) оларды көбіне қара орыстар дейді. Бұлар кейбір жағынан мемлекетке пайдалы болғанымен, ел тағдыры сынға түсер шешуші сәттерде қазақты сатып кетуі мүмкін. Себебі қазаққа келетін негізгі қауып, есінен адасып, аласұра құтырған Аю көршіміз орыс империясынан келу қаупі зор. Алла бетін ары қылсын егер де сондай сын сағат туар болса, көптеген орыс тілді қандастарымыз Украинадағыдай орыстың сөзін сөйлеп, аяғына жығылудан бас тартпайды. Екінші: Діни догмаға ұрынған немесе саясиланған радикалды теріс дінни ағымдарға кіріп кеткен қазақтар. Бұлар да қазақтың болашағы мен тағдырына өте қауіпті. Бұлар өздерін қазақты құтқарушыларымыз деп ойлайды. Ал олардың қазақты құтқару жолы қазақтың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын жалпы айтқанда қазақтың бүкіл қазақи жаратылысы мен ұлтттық болымысын жою арқылы не Қазақ емес, не Араб емес, дұлбара дүмше ұлт жасап, одан Ислами немесе басқадай бір мемлекет құруды мақсат тұтады. Бірінші қазақтар осы қоғаммен бірге өмір сүре алады және тәуелсіздікпен бірге өзінің қазақи болымысына қайтып, тілін, дінін үйреніп жатқандар да аз емес. Уақыт өте келе Қазақи болымысына қайта оралып, қайта қазақ болу мүмкіндігі өте зор. Мұның бәрі мемлекет пен оның басында отырған адамдардың болашақта ұстанатын ұлттық саясатының бағыт-бағдарына байланысты. Екінші топтағы қазақтар осы тәуелсіздік алғаннан кейін пайда болған қазақтар. Олардың күннен-күнге саны өсіп, тамыры тереңге жайылып бара жатыр және бері қайтып жатқандары шамалы. Ең қауіптісі оларға қанша уақыт берсең де, мемлекет қандай саясат ұстанса да олдардың қазаққа қайтуы екі талай, мүмкіндігі тым аз болып тұр. Тек жалғыз жолы заң-жарғылар мен үгіт-насихат жұмыстарын күшейту арқылы оларға еретіндердің санын азайтуға және әрекет ету мүмкіндігін шектеуге ғана болады деп ойлаймын.

Авторы: Нұртәліп Шәріпқазы




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *