Қазақ «қазаққа» қазақша сөйлегені үшін айыпты болды

626

Редакциямызға Ақтолқын Жәнібекова есімді азаматша шағыммен келді. Әңгімені талай табалдырықты тоздырғанынан бастап кетті. Бізге оны шарасыздық соқпағы әкеліпті. Қолында дода-дода қағазы бар. Онысы – бас сұғып шыққан мекемелерінен «жинап» алған ресми құжаттар. Алдымызға жайып салды… Басынан бастайық.

Изображение 001
Мәселе былай болған. Осыдан екі апта бұрын, көлік тізігінінде келе жатып, Ақтолқын аңдаусыз бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кетіпті-міс. Тәртіп сақшылары оны тоқтатып, ереже бұзғанын айтады. Мұнысын айғақтайтын бейнежазбаны көрмекке, таяу жердегі, яғни Герцен көшесіндегі полиция бөлімшелерінің біріне барыпты. Алайда бейнежазбаны жол сақшылары жөппелдемеде тауып бере алмаған. «Мен сонда да кешірімімді сұрап, қанша болса да тиісті айыбымды өтеуге даяр екенімді айттым. Хаттама толтыратын болдық. Сол кезде олар маған хаттаманы орыс тілінде толтыруды міндеттеді. Мен орысша білмейтінімді, қазақ тілінде жазатынымды айтқанымда, басын шайқап, қасарып отырып алды. Ол тілді білмесем қайтемін? Менің де айтқанымнан қайтқым келген жоқ. Сонда да күштеп орыс тілінде толтыртуға тырысып бақты. «Қазақшаны өз ЕЛІҢДЕ, ауылыңда жазасың» деп жекірді,-дейді Ақтолқын,- «Өз еліңде» деп менің оңтүстіктің қызы екенімді меңзесе керек. Қостанайда өмір сүріп жатқаныма 15 жыл болды…». Шағымданушының айтуымен, мәселенің мән-жайын бастан-аяқ бейнетаспаға жазып алған болатынбыз. Өз баяндауында назарыңызға ұсынамыз:
Осылайша, бұл азаматша Досмаилов Д. атты сержанттың өзіне психологиялық қысым көрсеткенін айтып берді.
Орнынан тапжылтпай, қорқытып-үркіткен соң Айтолқынның уақыт өте келе жүйкесі сыр беріп, халі күрт нашарлап… ақырында жедел жәрдем шақыртылыпты. Оны дәлелдейтін ауруханадан алған анықтама қағазы да әлі қолында жүр.DSCN1457
 Айығып шыққан соң да Ақтолқын мұны жылы жауып қоймауға бел буған.  Сөйтіп, жол сақшысына қарсы арыз жазып, көкейін тескен мәселесін арқалап, облыстық ІІД-не, қалалық сотқа және «Нұр Отан» партиясының кеңсесіне кіріп шыққан.
DSCN1455
DSCN1454
DSCN1453«Жауабы бірер аптаның шамасында болады» дегендердің көбі әлі үнсіз екен. Егер шағымы ешбірі елеусіз қалса – одан әрі ізденуге бекініп отыр ол.
«Мемлекеттік қызметкердің мемлекеттік тілге пысқырып қарамайтыны шымбайға батты. «Қазақтың» алдында қазақша сөйлейтінім үшін айыпкер болдым. Қалай ызаң келмейді?!»,-дейді Ақтолқын ашынып.
Біздің редакция аталған мәселені арқау етіп, облыстық ІІД-нің бастығы, полиция генерал-майоры Т.С.Маткеновке хат жолдады.AiLSPtKY-VIPy2Fzu0I0EhN2SbP1advEZnVb6TrCnRMVТүйткілді жайтқа қатысты берер жауабын, әділ төрелігін күтудеміз.



One thought on “Қазақ «қазаққа» қазақша сөйлегені үшін айыпты болды

  1. Serik

    Ol policterdi Shimkentke zhiberu kerek. Mindetti turde. Olardy kazaksha tez uiretedi.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *