Ақырзаман қай кезде орнауы мүмкін?

344

Адамды топырақтан жарату қиссасын оқи отырып (бұл туралы мына жерде http://kazgazeta.kz/?p=32995) төмендегі детальға назар салмай тұра алмадық.  Бүгінде «өлі разы болмай, тірі байымайдыны» ұмытқан кейбір діншілдер аруаққа құран бағыштауға, тұмар тағуға, тіпті домбыра тартуға да қарсы болып жүр. Осыған орай біз оқырманқауымға адамды топырақтан жарату қиссасынан үзінді беруді жөн санадық. Ақ-қарасын айтып, таразыға тарту сіздердің еншілеріңізде!

«Осы кезде қара жер Алладан дат сұрады.

– Иә, Жаратушы Ием, адамды менен жаратқаныңа қарсы емеспін. Олар қанша мыңдап жерленсе де, мен олардың денесін шірітіп, тәндерін топыраққа айналдырамын. Бірақ, адам баласы ғапылдықтан күнәні көп жасайды. Олар өмірден өткен кезде, менің қойныма таудай күнәлар арқалап келеді. Сонда олардың ауыртпалығын кім көтереді? Жасаған қиянаттары мен зорлық-зомбылықтары менің де арқама батар, – деді.

– Қара жер қайғырма. Мен шебер Алламын. Олардың күнәсін жойып, саған салмақ салмауға құдіретім жетеді. Мен адам ұрпағына Құран түсіремін. Марқұм болғандардың ұрпағы әруақты еске алып, оларға құран оқытып, артынан дұға ететін болса, олардың күнәлары жойылып отырады. Сонда саған да артық жүк түспейді. Мұсылмандар әруақтарды ұмытып, оларға  құран оқуды тоқтатқанша осылай жалғаса береді, – деді. Қара жер сонда барып тыныш тапты.

Қазақтардың әр аптаның бейсенбісінде жеті шелпек пісіріп, әруақтарға құран оқытатын салты осыдан қалыпты. Мұсылмандар әруақтарға құран оқып, дұға бағыштауды   доғарғанда жер ана адамзаттың күнәсін көтере алмай жарылып жоқ болады екен деседі».

«Әлдиден эпосқа дейін» кітабынан




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *