Қаламгерлер шаршы тақтада бақ сынады

558

Алматыдағы Ж.Әбдімәлік атындағы шахмат академиясында «Қазақ газеттері» серіктестігіне қарасты «Ақиқат» журналының жүлдесі үшін журналистер арасында шахматтан дәстүрлі ІІІ турнир болып өтті. Турнирге 27 шахматшы бақ сынады.

 

1

Шахмат турнирі салтанатты жағдайда басталды. Еліміздің әнұраны ойналды. «Қазақ газеттері» серіктестігінің бас директоры, редакторлар кеңесінің төрағасы Жұмабек Кенжалин ой спорты болып саналатын шахмат қалам ұстаған шығармашылық адамдарға арналған спорт екендігін атап өтті. «Зиялы қаламгерлер арасында шахмат турнирі осымен үшінші рет өткізіп отырмыз. Былтыр да дәл осы жерде турнирімізді өткізген едік. «Қазақ газеттері» ЖШС-на қарасты 6 басылымның өзіндік жобалары бар. Мәселен, «Ақиқат» журналы Шахматтан журналистер арасында турнир өткізсе, «Үркер» журналы жас әдебиетшілерге арналған «Үркер-Үміт бәйгесін» тұрақты өткізіп келеді. Ал таралымы көп басылым студенттерге арнап «Ана тілі» жылда «Ана тілі аруы», «Жігіт сұлтаны» байқауын өткізуді дәстүрге айналдырған. Бұл шаралардың барлығы оқырманды тартуға көздейді. Осы арқылы халықтың шығармашылыққа деген құлшынысы артып, ерік-жігерін шыңдалатыны анық» деді.

2

«Ақиқат» журналының бас редакторы Аманхан Әлім барлық шахматшы журналистерге сәттілік тіледі. Әлемнің 4-дүркін чемпионы, гроссмейстер Жансаяның анасы Алма журналистер қауымы шахматтың қыр-сырын жоғары бағалайтынын атап өтті. Ол сонымен қатар қазір Жансая әлем біріншілігіне дайындық үстінде жүргендіктен бүгінгі жарысқа жаттықтырушысы әкесімен бірге келе алмай қалғандығын айтты.

Қазақ ұлттық техникалық университетінің аға оқытушысы, техника ғылымының докторы, профессор Бақдәулет Құмар биылғы шахмат турнирінің бас төрешісі болды. Ал «Ана тілі» газетінің бас редакторының орынбасары Дәуіржан Төлебаев жарысты жүргізіп отырды.

Биылғы жарыс олимпиада жүйесінде өткізілді. Жеребе тарту арқылы кездескен қарсыластың қайсысы ұтса сол келесі кезеңге өтеді деп белгіленді. Ал тең нәтижемен ойын аяқталса қара тасымен ойнаған ойыншы келесі айналымға шықты. Осындай күрделі жүйенің әсерінен болар бірінші айналымда көптеген майталман шебер шахматшылар бірінші кезеңнен шығып қалып отырды.

Барлығы ойынға құлшына кірі­сіп, намысты қолдан бермеуге тырыс­ты. Дегенмен, ойынның аты ойын, онда жеңім­паз да болады, жеңілген де болады. Шах­маттың бір қиын жері – мың түрлі нұсқадан тек бір ғана жүрістің таңдап алынатыны ғой. Сол жүріс бүкіл ойынның тағдырын шешіп кетуі ғажап емес. Ойын барысында жүрістен жаңылып, «әттеген-ай» дегендер де болды, қиыннан қиыстырып, сәтті шешім таба білген ойын­шылар да болды.

Алты сағатқа созылған шиеленісті турнирдің қорытындысында бірінші орынды «Қазақ газеттеріне» қарасты «Уйғур авази» газетінің штаттан тыс қаламгері кәсіпқой шахматшы Арслан Аллахунов бірінші орынды иеленді. Екінші орынды «Қазақ газеттеріне қарасты» «Ана тілі» газетінің Әлеумет және ақпарат бөлімінің редакторы Нұрлан Құмар ие болды. Ал алғашқы үштікке Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры Хангелді Әбжанов ие болды. Бұдан басқа жарыс барысында әртүрлі жағынан көзге түскен шахматшылар марапатталды. Ынталандыру сыйлықтары Мамадияр Жақып («Егемен Қазақстан»), ардагер қаламгерлер Аян Нысаналин, Ғазизбек Тәшімбайға берілсе, ал «Ең жас қатысушы» аталымы бойынша Асқар Беков («Айқын») пен Шерхан Молдахмет ке («Қазақ газеттері») бағалы сыйлық табысталды. Жансаяның анасы Алмаға бағалы сыйлық берілді.

Жұмабек Кенжалин

3



6

4

5

8 9

Турнирдің жабылу салтанатында «Қазақ газеттері» серіктестігінің бас директоры, редакторлар кеңесінің төрағасы Жұмабек Кенжалин жүлделі орынға ие болған шахматшыларға диплом мен сыйлық табыстады. Ақын, Қазақстан Жазушылар одағы жанындағы  «Қаламгер-Media» орталығының директоры, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы. Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты Жанарбек Әшімжан шахмат пен бильярд спортында ғана әділдік бар екендігін, биылғы жарыс өте тартысты дәрежеде өткендігін тілге тиек етті.

Журналистер арасында шахмат жарысы келесі жылы атауын өзгертіп Тәкен Әлімқұлов атындағы турнир деп атау болып өзгертіледі. Бұл жарыста күрделі олимпиада жүйесі бойынша емес, швейцар жүйесі бойынша ұпайлары бірдей қарсыластар кездесіп отырады. Швейцар жүйесінің бір артықшылығы ұтылған адам жарыстан шығып кетпейді, жалғастыра береді. Тіпті жеңілістің ащы дәмін татқан шахматшының өзі жүлделі орынға ие болып қалуы да ғажап емес. .

Былтыр  «Қазақ газеттері» Серіктестігінің құрылғанына 15 жыл толған еді. Мерейтой аясында өткізілетін іс шаралардың бірі «Қазақ газеттері» серіктестігіне қарасты, еліміздегі «Ең үздік қоғамдық-саяси басылым» – «Ақиқат» журналының жүлдесі үшін журналистер арасындағы шахмат турнирі болатын. Алғашқы турнир 2013 жылы 30 мамырда ұйымдастырылған еді. Қазақ Ұлттық техникалық университетінің шаңырағында өткізілген турнирде «Қазақ газеттері» ЖШС-не қарасты «Ана тілі» газетінің Әлеумет және ақпарат бөлімінің редакторы Нұрлан Құмар барлық қарсыластарын жеңіп, бірінші орын алған еді.  Сол жарыста Әлемнің шахматтан бірнеше  дүркін чемпионы Жансая Әбдімәлік қатысып, «Ақиқат» журналының бас редакторы Аманхан Әлім ағасымен достық матчта жеңіске жеткен болатын. Ал қаламгерлер арасында ІІ турнир 2014 жылдың 12 шілде күні Ж.Әбдімәлік атындағы шахмат академиясында өткізілді. Сол турнирде Асқар Беков жеңіске жеткен болатын. 

10 12

IMG_9999

 

Нұрлан ҚҰМАР

 

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *