Talks2050: Астана қайтсе өмір сүруге ыңғайлы қалаға айналады?

85

9a52e082e06e40145482d8ffec4b09e5#Talks2050 форумына жиналған елорданың белсенді жастары мен белгілі азаматтар Астананы халықтың өмір сүруіне барынша қолайлы қала ету үшін қандай шараларды қолға алу керек деген мәселені талқылады. Аталмыш форумды «Қазақстан-2050» жалпы ұлттық қозғалысы Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесе ұйымдастырып отыр, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. 

Бейресми форматта өткен кездесуге сәулетшілер, қаржы саласының мамандары, саясаткерлер, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, қаланың бүгінгі жай-күйіне бей-жай қарай алмайтын барлық азаматтар жиналып, Астананы өмір сүруге барынша қолайлы қалаға айналдыру мәселесін талқылады.

«Қала тұрғындарының басым бөлігі, әрине, жан-жақтан келген азаматтар. Бірақ, осы қалаға деген көзқарасымыз қандай? Астанаға қонақтап келдік пе, әлде уақытша жұмыс істеуге келдік пе, болмаса, көшіп келдік пе? Міне, форумның негізгі сұрағы да осы. Қалада үлкен-үлкен спорттық нысандар, демалу орындары салынып жатыр. Жалпы, олар бізге керек пе? Олар кім үшін салынып жатыр? Міне, біз осы сұраққа жауап іздейміз, яғни, қаламыздың дамуына атсалысамыз ба, әлде, сырт айналып, қарап тұрамыз ба? Яғни, Астана кімнің қаласы? 10-15 жылдан кейін қандай болады деген сауалға бірге жауап іздеу керек»,-дейді «Қазақстан-2050» жалпы ұлттық қозғалысының төрағасы Данат Жұмин.

Жалпы, Д.Жұмин осындай кездесу тек Астана қаласында ғана өтпейтінін айтты. Бұған дейін Атырау қаласында ұйымдастырылған кездесуде еліміздің батыс өңіріндегі қалалардың жай-күйі талқыланып, тұрғындардың пікірі тыңдалған.

«Алдағы уақытта Петропавл, Шымкент және Өскемен қалаларында тұрғындардың көкейінде жүрген мәселелер талқыланады»,-деді Д.Жұмин.

Кенжекей ТОҚТАМҰРАТ



ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *