БҰҰ-ның Кіші моделі тұрақты даму тақырыбына арналды

60

IMG_2176Бүгінгі таңда жастар мемлекеттік, елдік саясат пен әлемдік мәселелер, оның ішінде  жасыл экономика мен тұрақты даму мәселелері хақында өткір пікірлер айтып,  белсенділік танытып жүр.  Осы орайда жастар үшін «БҰҰ-ның кіші моделі» еліміздің әр қалаларында ұйымдастырылып, белсенді жастардың басын қосып отыр.   Жуықта Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде БҰҰ-ның 70-жылдығына орай «Біріккен Ұлттар Ұйымының кіші моделі – Жаңа Жібек жолы» атты шара өткізілді. Шараны халықаралық қатынастар факультетінің деканы Кәрімжан Шакиров ашып, бұл кіші модельдің өзгешелігі БҰҰ Бас Ассамблеясының тұрақты даму  жөіндегі шешіміне арналатынын атап өтті.

         БҰҰ-ның кіші моделі барысында үш комитет яғни, Бас Ассамблея, Қауіпсіздік кеңесі мен БҰҰ-ның Балалар қоры өз жұмыстарын ұйымдастырды. Шараға қатысушылар киберқауіпсіздік, діни қақтығыстарды шешу жолдары, жас жеткіншектер арасында психикалық ауытқушылықтармен күрес сынды әлеуметтік тақырыптарды кеңінен талқылады.  Жиын барысында Қазақстан Республикасындағы БҰҰ-ның қоғамдық ақпарат департаментінің өкілі Властимил Самек, халықаралық қатынастар факультеті деканының ғылыми істер жөніндегі орынбасары Лейла Деловарова,  «Біріккен Ұлттар Ұйымының кіші моделі – Жаңа Жібек жолы» директоры Рафис Абазов, UNDPI офисінің ассистенті Ален Құспанов  сөз алып, әрбір қатысушы адамзаттың жаһандық мәселелерін шешуде өзіндік үлесін осылай қосатынын атап өтті. Сонымен бірге жуықта Елбасының БҰҰ-ның 70 жылдығына арналған саммиттегі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың баяндамасы талқыланып, ондағы тұшымды ойлар мен ұсыныстар хақында пікірлер айтылды.

БҰҰ моделінің ұйымдастыру комитетінің төрайымы Рано Юсупова  осындай талқылау барысында студенттер өздерінің білімдері мен танымдарын арттырып, елшілік қырларын шыңдайтынын айтты.

«Біріккен Ұлттар Ұйымының кіші моделі – Жаңа Жібек жолы» жобасы АҚШ-тың Бас консулдығы мен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің БҰҰ өкілдігінің қолдауымен құрылған. Ең белсенді болған БҰҰ моделі клубының  мүшелері Рим, Дели және т.б. қалаларда өткен халықаралық конференцияда Қазақстанды таныстырып, ел беделін көтеруге өз үлесін тигізуде.

Ақбота ИСЛӘМБЕК




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *