0027-029-Repressii-300x160

1937 жылы репрессиялау туралы бұйрық


Халықты ату жазасына кесу туралы НКВД-ный № 00447 жарлығы.
Аса құпия!

КСРО ішкі істерінің халық комисариаты

1937 жылдың 13 шілдесінің № 00447 жарлығы

Жүргізілген тексеріске сәйкес кеңес одағына қарсы адамдар, бұрынғы биліктегі азаматтар, ертеректе репрессияға ұшырағандар және лагерлер мен итжеккенге айдалғандардың көбі ауылдарда (деревня) тұрып жатыр. Сондай-ақ ауылдарда діндарлар мен кеңес үкіметіне қарсы саяси ұйымдардың өкілдері де шоғырланған. Осы аталғандардың біразы қалаға келіп өндіріс ұйымдарына, көлік пен құрылыс саласына кіріп кетті. Олардың барлығы да халық жаулары. Үкіметімізге қарсы іс-шаралар ұйымдастырып жатуы әбден мүмкін.

Мемлекеттік қауіпсіздік ұйымдар алдында бұлардың көзін жойып, жұмысшы тапты қорғау туралы мәселе тұр. Кеңес мемлекетінің саясатына қарсы келетіндерді біржолата құрталуы керек. Сондықтан: 1937 ЖЫЛДЫҢ 5 ТАМЫЗЫНАН БАСТАП БАРЛЫҚ РЕСПУБЛИКАЛАРДА, ОБЛЫСТАР МЕН АЙМАҚТАРДА КЕҢЕС ҮКІМЕТІНЕ ҚАРСЫ БАСКЕСЕРЛЕРДІ ҰСТАП, КӨЗДЕРІН ЖОЮҒА бұйырамын.

Осыған сәйкес барлығын екі топқа бөлеміз:

  1. Жоғарыда көрсетілгендердің ішінде аса қауіптілер. Олар дереу тұтқындалып, үштіктің ұйғырымы бойынша – АТЫЛСЫН.
  2. Аса қауіпті емес, бірақ қарсылық көзқарасы бар элеметтер. Олар 8-10 жыл арасында түрмеге қамалсын.

НКВД-ның аудандық және облыстық бөлімшілерінің есебі бойынша репрессиялануы тиіс адамдар саны:

Қазақ КСР:

1 топ 2 топ Барлығы
Солтүстік Қазақстан облысы 650 300 950
Оңтүстік Қазақстан облысы 350 600 950
Батыс Қазақстан облысы 100 200 300
Қостанай облысы 150 450 600
Шығыс Қазақстан облысы 300 1050 1350
Ақтөбе облысы 350 1000 1350
Қарағанды облысы 400 600 1000
Алматы облысы 200 800 1000
НКВД лагерлері 10000 10000

Бұл сандар тек жобасы ғана. Әлдеқайда көп болуы мүмкін. Егер көбейту керек болса менімен ақылдассын. Ал санын азайтуға және адамдарды бір топта екінші топқа ауыстыру рұқсат етілмейді.

ОПЕРАЦИЯНЫ ӨТКІЗУ РЕТІ

  1. Операция 1937 жылдың 5 тамызында басталып, 4 (төрт) ай уақытында аяқталсын.
  2. Алдыменен бірінші топқа жататындар репрессиялансын.
  3. Жағдайға сәйкес республика, аймақ, облыс ішінде әр секторларға бөлініп жұмыс істелінсін.
  4. Оперативті топқа қажетті көлік пен байланыс құралдары берілсін.
  5. Оперативті топтың басшысы тізімге және барлық атқарылатын жұмысқа жауапты.
  6. Жазалануы тиіс әрбір адам жайлы деректер және кінәсін дәлелдейтін мәлімет жиналсын.
  7. Тізім бойынша тұтқындалғандардың барлық жеке заттарын (қару, ақша, қағаздар, кітаптар, бағалы заттар, т.б.) да алып кету міндетті.
  8. Барлық аймақтарда тұтқындарды ұстауға тиіс орындар жасақталсын.
  9. Тұтқындардың күзеті күшейтілсін.

ТЕРГЕУДІҢ ЖҮРГІЗІЛУ РЕТІ

  1. Әр тұтқынға жеке тергеу ісі ашылсын. Тергеу тез әрі жеңілдетіген түрде өткізілсін.
  2. Тергеу соңында іс жауапты үштікке жөнелтілсін.

ҮШТІКТІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ЖҰМЫСЫ

Республикалық, аймақтық және облыстық үштіктердің келесі құрамын бекітемін:

ҚАЗАҚ КСР:

Солтүстік Қазақстан облысы:
төраға — Панов
мүшелері Степанов, Сегизбаев

Оңтүстік Қазақстан облысы:
төраға — Пинтель
мүшелері Досов, Случак

Батыс Қазақстан облысы:
төраға — Ромейко
мүшелері Сатарбеков, Спиров

Қостанай облысы:
төраға — Павлов
мүшелері Кузнецов, Байдаков

Шығыс Қазақстан облысы:
төраға — Чирков
мүшелері Свердлов, Юсупов

Ақтөбе облысы:
төраға — Демидов
мүшелері Мусин, Стецура

Қарағанды облысы:
төраға — Адамович
мүшелері Духович, Пинхасик

Алматы облысы:
төраға — Шабанбеков
мүшелері Садвакасов, Кужанов

КСРО ІШКІ ІСТЕРІНІҢ ХАЛЫҚ КОМИСАРИАТЫ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ БАС КОММИСАРЫ – Н. ЕЖОВ

ТЕКСЕРІЛДІ: М. ФРИНОВСКИЙ

АП РФ, 3-58-212, л. 55-7

Мәлімет ruskline сайтынан алынды.

Аударған Рүстем Нүркен
namys.kz




3 пікір “1937 жылы репрессиялау туралы бұйрық

  1. Асыл

    Құдайым ай қанша зиялы қауым кетті!Алла жатқан жерлерін жарық етсін!

  2. Ақтілек

    Сұмдық-ай. Халқымыз не көрмеді десеңші.

  3. Нәзік

    Сол жылдары қаншама асылдарымыз қаза тапты. Дәлірек айтқанда, аюандықпен өлтірілді.

Пікір қалдыру