Екі түрлі аяқкиім киме

89

285px-Reebok_FREESTYLE_200901Қазақ көкек құсына тиіспейді. Аңыз бойынша көкек адам екен. Бір жігіт қайын жұртына күйеу болып келіпті. Аяқастынан оның аты жоғалады. Қалыңдықтың сіңлісі жездесінің атын іздеп шығады. Байқаусызда бір аяғына өзінің, екінші аяғына жездесінің етігін киіп кетеді. Аяғына екі түрлі кебіс кигендіктен, қыз көкек құсына айналып кетіпті. Көкектің бір аяғы қызыл, бір аяғы көк болатыны содан екен. Ат іздеп шығып жоғалған қыздан пайда болған көкек те «аты жоқ құс» аталады. Киелі құс санатына жатады. Көкек қонған ағаштың бұтағын сындырып алып, майы мол болады деген ұғыммен іркітке қосады екен. Осыған орай ел арасында «екі түрлі етікті кимеу керек» деген тыйым пайда болыпты.

DEGDAR сараптама орталығы




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *