Шымкенттік студент полицейлердің 54 жағдайда жол ережесін бұзғанын дәлелдеп, оларға айыппұл төлеткен

130

Жол сақшылары жол ережелерін өздері жиі бұзады. Мұны шымкенттік студент Бахадыр Чапаев айғақтармен дәлелдеп жүр. Соңғы екі айда полицейлердің 54 жағдайда ереже бұзғанын дәлелдеп, айыппұл төлеткен деп хабарлайды Астана арнасы.

Шым студент

Заң жалпыға ортақ болуы тиіс деген ұстанымдағы жігіт тәртіп сақшыларының өзін тәртіпке шақырып жүр. Мұны білетін аймақтағы жүргізушілер оған бейне, фото айғақтар жіберуді әдетке айналдырған. Шымкент қаласының тұрғыны Бахадыр Чапаев көлігіне орнатқан бейнебақылау камерасы арқылы жолда тәртіп орнатуға тырысып жүр. Айтуынша, сол тәртіпті тәртіп сақшылары бұзатынын талай байқапты.

“Менің өзімді бірде жол инспекторы тоқтатты. Себебін сұрағанымда, «Себеп жоқ», – деп жауап берді. Мен оларға бұл заңға қайшы екенін айттым. Негізі жол сақшылары өздері жиі заң бұзады. Біздің қоғамдық бірлестікке бейнетүсірілімдер көп келеді. Бірақ барлығын бірдей дәлелдеу қиын. Дегенмен мен өзім дәл жол сақшыларының 54 заң бұзушылығын дәлелдеп, олар айыппұл төледі”, – дейді Шымкент қаласы автомобильшілер қоғамдық бірлестігінің мүшесі Бахадыр Чапаев.

Көлік тізгіндеген жүргізушілердің айтуынша, жол  қауіпсіздігін көбіне полицейлердің өздері жиі сақтай бермейді.

«Қызылға» кіріп кетіп, ары қарай өтіп кете салады. Немесе бірінші жолақта тек қана айналу керек болатын болса, олар тіке ұра салады. Сонда олар біздің заң бұзбағанымызды талап етеді де, өздері бізге «үлгі» көрсетеді де, былайша айтқанда”, – дейді көлік жүргізуші Асқар Сәтпаев.

Мұндай келеңсіздіктерге бей-жай қарай алмаған белсенді студент әр аймақтардағы жол патрульдік полиция қызметкерлерінің ережені өрескел бұзу жағдайларын нақты айғақпен дәлелдеп, ішкі істер департаменттеріне хатпен жолдап жүр. Бахадырдың айтуынша ең көп заңбұзушылыққа жол беретін Астана сақшылары екен.

 




One thought on “Шымкенттік студент полицейлердің 54 жағдайда жол ережесін бұзғанын дәлелдеп, оларға айыппұл төлеткен

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *