Қуыс үйден құр шықпа

255

Ыбырайым пайғамбар жалғыз отырып тамақ ішпейтін қонақжай кісі болыпты. Үйіне адам келмесе, далаға шығып, қонақ іздейді екен. Бір күні қызы:

– Әке, қашанғы біреуді күтіп отырасыз? Тамақ суып қалды. Іше беріңіз,  – дейді. Ыбырайым:

– Қызым, ахиретте көрген қызық, ішкен-жегеннің бәрінің сұрауы бар. Көппен отырып, қонақпен бөліскен тағамның сұрауы болмайды. «Берген аста береке бар, бермеген аста біте бар» деген. Дос болсын, дұшпан болсын, асты бөлісіп же, – деп өсиет қалдырыпты.

Ыбырайым пайғамбардың тағы бір жақсы әдеті болыпты. Үйге келген қонақты құр қол шығармайды екен. Оған міндетті түрде тарту-таралғы беріп жөнелтепті. Мәнісін сұрағанға:

– Сен менің жай ғана қонағым болған жоқсың. Менің жүгімді жеңілдеттің, міндетімді бөлістің. Асымды жеп, берекемді молайттың. Бұл – сол үшін берілген ақы, – дейді екен.

Ыбырайымнан бастап «қуыс үйден құр шықпа», «қонақтың сыбағасы» сынды дәстүрлер тұрмысқа енген деседі.

DEGDAR




One thought on “Қуыс үйден құр шықпа

  1. Малика

    Бұл салт әлі күнге дейін әр қазақ үйінде бар деп ойлаймын. Үйге алғаш келген қонақты, қырық қадам аттаған нәрестені құр шығармаймыз.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *