Түркістан тарихы жайлы қызықты 5 дерек (ФОТО)

Түркістан қаласы (Ясы) Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан. Ол Орта Азия бойынша сақталған көне қалалардың бірі. Өзінің сан ғасырлық тарихында Түркістан түрлі мемлекеттер құрамында болды. Бірнеше рет қала іргесі сөгіліп, бірнеше рет қайта түледі.

Түркістанға 1500 жыл

Қала ежелде Ясы деп аталып, оның төңірегі VII-XII ғасырларда Шауғар өңірі ретінде тарихта қалған. Шауғар саяси-экономикалық орталық болды. Кейбір деректер бойынша Ясы ежелгі Шауғардың жанындағы қала болған, ал келесі бір пікір бойынша ол Шауғардың қала-серігі болған.

ХІІ ғасырда мұсылмандар үшін қасиетті мекенге айналды

Түркістандағы Ясауи кесенесі, фото 1871-1872 жж

ХІІ ғасырда сопылық ілімді белсенді ұстанушысы Қожа Ахмет Ясауи осы қалада жерленді. Ясауи өмірден өткен соң қабірінің басына үлкен мазар тұрғызылады. Мазар мыңдаған мұсылмандардың зиярат ететін орнына айналды. Кесенені тұрғызуға ұйытқы болған Әмір Темір болатын.

Түркістан Қазақ хандығының астанасы болды

Түркістандағы Ясауи кесенесі, 2014 ж

XVІ ғасырдың соңында Сырдарияның бойындағы қала Сығанақ өзінің бұрынғы маңызын жоғалта бастады. Ал, Түркістан Ахмет Ясауидің әсем де зәулім кесенесінің арқасында Орта Азияның рухани орталығына айналған болатын. 1598-1628 жылдары Есім хан Ясыны Түркістан деп атап, оны Қазақ хандығының орталығы етті. Қазақ хандары XVІІІ ғасырдың соңына дейін билік құрды.

1694 жылдың шілдесінде Түркістанға Ресейден елшілер келді

Түркістандағы Ясауи кесенесі, фото 1871-1872 жж

Қаланы басқарып тұрған Тәуке хан елшілердің іс-әрекетін ұнатпады. Өйткені, қабылдау рәсімі кезінде елшілер ханның бас киімін шешуін талап етеді. Ресейде патшаның бұйрығын тек қана бас киімді шешіп отырып тыңдау тәртібі бар-тын. Алайда, Тәуке «қазақтар тіпті намаз оқығанда да басындағысын шешпейді» деген уәж айтып, елшілерлдің айтқанын орындамаған.

Түркістанда хандар, батырлар мен билер жерленген

Түркістандағы Ясауи кесенесі, 2014 ж

Тарихи-мәдени «Әзірет султан» қорық-мұражайының территориясында 164 атақты тұлғалар жерленген. Олар әртүрлі заманда өмір сүрген күллі қазақ халқының игі жақсылары. Кесенеде қазақтың Қаз дауысты Қазыбек би, Абылай хан, Есім хан, Хақназар хан, Тауке хан, Шығай хан, Жәңгір хан, Қанжығалы Бөгенбай, тобықты Мамай, қоңырат Сырғақ жатыр.

munara.kz




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *