«Ұлты ұлықтаған дара тұлға- Әлихан Бөкейханов»

648

Биыл қазақ халқының аяулы ұлы, Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, ұлт көшбасшысы Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО аясында тойланып жатқаны көпшілікке белгілі. Осы орайда Алматы қаласының №4 кітапханасында «Ұлты ұлықтаған дара тұлға — Әлихан Бөкейханов» атты дөңгелек үстел болып өтті.

Шараға «Қазақ газеттері» ЖШС атынан белгілі ақын, «Ақиқат» ұлттық қоғамдық-саяси журналының бас редакторы, М.Мақатаев атындағы сыйлықтың лауреаты Аманхан Әлімұлы,  «Ана тілі» газетінің бас редакторының орынбасары, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Қазақстан Журналистер Одағының лауреаты Нұрперзент Домбай,  жазушы, қонаевтанушы, ҚР Мәдениет қайраткері Ораз Қауғабай және  әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Қанипаш Мәдібаева қатысып, сөз сөйледі.

Кітапхананың оқу залында «Алаш көшбасшысы – Әлихан Бөкейханов» атты кітап көрмесі қойылды. Әлихан Бөкейхановтың өнегелі өмірі мен қайраткерлік жолы туралы айтылатын деректі фильмдер көрсетілді.

Ер елімен бірге жасайды, елі барда ер елеусіз қалмайды. «Қазаққа қызмет қылмай қоймаймын!» деген сертін мүлтіксіз орындаған Ә.Бөкейхановтың ұлт алдындағы ерен еңбегі жайында Аманхан Әлімұлы тілге тиек етті.eab957bfaa046bae3c646dfe30468aa1

Әлихан Нұрмұхамедұлы мен оның үзеңгілестері ұсынған «Алаш» партиясы бағдарламасында қаралған негізгі мәселелер мен ұстанымдар жайлы Нұрперзент Домбай өз пікірін білдірді.

Қарағым, жалғызымсың қазақтағы,

Ұл тумақ сендей болып аз-ақ тағы.

Өгіз өліп, болмаса арба сынып,

Өмірің өткен жансың азаптағы.

Бал тамған, ханзадам-ай, қаламыңнан,

Тәңірім айырмасын талабыңнан – деп ақын Көкбай Жанатайұлы жырға қосқан ұлт зиялысының публицистикалық қазынасы мен аударма саласындағы мұрасы жайлы Қанипаш Қайсақызы баяндап берді.

         Әлихан Бөкейхановтың: «Осы күнде істеп жүрген ісіміз, қылған жұмысымыз, мінез-құлқымыз, сөздің бәрі кейінгілерге тарих болып қалады» деген сөздері расқа айналды. Кешегі өткел – бүгінгі жаңа белестерге бастауда. Бүгінгі ұрпағының Әлихан әлемінен алары да, үйренері де көп.

Шараны кітапхана меңгерушісі Сағын Иманбаева қорытып, келген қонақтар мен студент жастарға өз алғысын айты.

Өз тілшімізден




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *