20160413091019

Алтай тауында жерленген көшпелі түркі әйелдің қабірі табылды (ФОТО)

Алтай тауларынан жергілікті малшы ежелгі мола тапты, табылған көмбе барлық жағынан бірегей, деп  хабарлады Vesti.ru.

Табылған жәдігерлермен моңғол ғалымдары, Ховд аймағы мұражайының қызметкерлері жұмыс істеуде. Мұражайдың ғылыми қызметкері Б. Сүхбаатардың айтуынша,  олар Моңғолия аумағында, бәлкім күллі Орта Азияда алғашқы рет тоналмаған сол күйінде сақталған түркілерге тиесілі қабір тапты.

Бірегей жәдігерге әлемнің түрлі елінен мамандар қызығушылық таныта бастады.

Алдын ала бағалау бойынша, бұл Алтай аумағында 1500 жыл бұрын тіршілік еткен түркі тілді тайпалардың бірінің өкілі — әйелдің сүйегі болуы мүмкін. Мүрде киізбен бірнеше қабаттап оралған. Жынысын анықтау үшін мамандар бүлдірмей, киіздің орауын жазуы керек.

«Мола қарапайым әйелге тиесілі. Бұл әйел деп ойлаймыз, себебі ер адам әдетте, жауынгер ретінде садақпен бірге жерленеді», — деді Сүхбаатар.

Сүйектің жанынан ғалымдар ат қаңқасын, жақсы сақталған ертоқым, жүген, қойдың басы, жастық, саздан жасалған ыдыс, шөміш, темір бақыраш, көшпенді әйелге қажетті зат-мүліктер және т.б. тапты.

Қабірдің 2 803 метр тау биігінде орналасуы оны тоналудан қорғап келген,  ал дененің мумияға айналып әрі жәдігерлердің бүлінбей сақталуына таулы салқын климат ықпал еткен.

20160413091031

20160413091037

20160413091042

20160413091048

20160413091054

20160413091059

Дереккөз:ҚазАқпарат  агенттігі




Пікір қалдыру