Ауыл тұрғындарына кәсіп құру жөнінде кеңес берілді

353

Кәсіпкерлер палатасы ауыл-ауылды аралап, өз кәсібін қалай ашуға болатынын түсіндіруді бастады

Қызылорда облысы Кәсіпкерлер палатасы қалалық мәслихат депутаттарымен бірлесе маңайдағы ауылдарды аралап, жергілікті тұрғындарға ауылда кәсіпкерлікпен айналысудың не екенін түсіндірді.

Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау туралы мемлекеттік бағдарламалар, жеңілдікпен несие беру көбіне ауылдық жерлерге жете бермейтіні жасырын емес.

Палата қызметкерлері ауыл кәсіпкерлеріне Палатаның көрсететін көмегі туралы айтып берді. Тегін көмек туралы, оның ішінде бухгалтерлік есеп-қисапты жүргізу, салық төлеуді, статистикалық мағлұматтарды жинауды, кедендік тексерістен өтуді, менеджмент жүйесін енгізу мен соны түсіндіруге берілетін кеңестер кіреді. Ауыл кәсіпкерлеріне маркетинг сұрақтары бойынша да көмек көрсетіледі. Қызмет көрсету аясындағы ақпараттық технологияны қолдануды үйретеді. Жер қыртысын пайдалану үшін мемлекеттік сатып алуларға қалай қатысу керектігін түсіндіреді. Менеджментке қатысты қызмет көрсетіледі. «Кәсіпкерліктің жол картасы – 2020», «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламаларының мазмұнын түсіндірді.

«Ауыл тұрғындары кәсіпкерлікке зор қызығушылық танытты. Елдімекендердегі халыққа облыс орталығына келіп, кәсіби қажетті мәліметтерді алу оңай емес. Сондықтан жедел топтарды ұйымдастырып, ауылдарды өзіміз аралап жүрміз. Түрлі кәсіп иелері кәсіпкерлікке қатысты ақпараттармен бөлісті. Кеңес беруді маңайдағы ауылдардан бастадық. Келешекте ең шеткері ауылдарға да барамыз деп жоспарлап отырмыз», – дейді қызылордалық палата бөлімшесінің директоры Ғалымбек Жақсылықов. Ол өзі де кеңес берушілермен ауылдарды аралап шықты.

«Көптеген ауылдастар кәсіпті бастаған адамдарға жеңілдікпен несие беретін «Кәсіпкерліктің жол картасы – 2020» бағдарламасы туралы ештеңе естімеген болып шықты. Бұл бағдарлама 20 миллион теңгеге дейін несие береді. Ол үшін кепілге алынған соманың 30%-ын банкке депозитке салады. Өз ісін ары қарай дамытқысы келген кәсіпкер үшін 180 миллион теңгеге дейін несие беріледі. Ауыл тұрғыны үшін ең тиімді тәсіл «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында микронесие алу. Оның шамасы 6 миллион. Несиелік пайызы – 6%» – дейді Кәсіпкерлер палатасының кеңесшісі Мәдина Қасымжан.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *