«Үш жүзге атым мәлім Балуан Шолақ»

142

Бүгін  сағат 19.00 «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі» қоғамдық қоры Алматыдағы Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрында Балуан Шолақ Баймырзаұлының жеке шығармашылығынан дәстүрлі ән кеш өткізеді.

Концертте Балуан Шолақ өмірінен қысқаша қойылым көрсетіледі. Нақтырақ айтсақ, белгілі режиссер Есмұқан Обаевтың «Жаужүрек» спекталінен үзінді берілмек. Сахна көркем Көкшетаудың әсем табиғаты үлгісінде безендіріледі. Концерттің тағы бір басты ерекшелігі – Балуан Шолақ бабамыздың мүлде беймәлім әндері тұңғыш рет үлкен сахнада орындалатын болады. Ән кешіне Ғалым Мұхамедин, Жоламан Құжиманов, Рамазан Стамғазиев, Ерлан Төлеутай, Еркін Шүкіманов, Тілеулес Құрманғалиев, Еркін Нұрханов, Талғат Мұқышев, Саян Ақмолда, Нұргүл Әкімқожина, Талғат Әбуғазы, «Арнау» фольклорлық ансамблі, Саят Нұрғазин, Жасұлан Сақаев және тағы басқа өнерпаздар қатысады.

Анықтама үшін телефондар: 8 (727) 271 42 37, 87007779086, adyrna@bk.ru

12987166_965751910211483_5324245579354088624_n




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *