Таразда өзін өртеп жіберген 20 жастағы жігіттің кінәсіз екені анықталды

234

Таразда өзін-өзі өртеп жіберген Ерлан Бектібаевтың кінәсіз екені анықталды. Бүгін нағыз қылмыскерге сот үкімі шықты деп хабарлайды NUR.KZ.

Тараздағы колледждердің бірінде оқитын 20 жастағы Ерлан Бектібаев «Нұр Отан» ғимаратының алдында өзін өртеп жіберген болатын.

Ол өзін Данияр Райымбаевтың өліміне кінәлі деп жала жапқан соң өртеп жіберіп, қаза тапты.

Осыдан соң, Бектібаевтың кінәлі екеніне сенбеген Райымбаевтың анасы да өзін өртемек болды.

Кейін нағыз қылмыскердің Руслан Исраилов екені анықталды. Бүгінде оның бар кінәсі анықталды.

Бір адамның өліміне кінәлі болып, екіншісін өзіне қол жұмсауға итермелеген Исраилов 18 жылын қатаң режимдегі колонияда өткізеді.

Еске сала кетейік, өткен жылдың қазан айында 20 жастағы жігіт өзін өртеп жіберіп, ауруханада көз жұмған болатын.

Дереккөз: Nur.kz



4 thoughts on “Таразда өзін өртеп жіберген 20 жастағы жігіттің кінәсіз екені анықталды

  1. Жазира

    Әділдікті басқа жолмен дәлелдесе ғой… Қасындағы жолдас сымақтары адам емес екен. Қалайша достары өзін өртеуге көмектескен?.. Иманы жолдас болсын.

  2. Еңлік

    Қиналып көз жұмды, марқұм. Өзіне қол салу деген үлкен кінә. Осыны білмеген шығар. Өзін өртемей-ақ, мән-жайды айтса, қазір тірі болатын еді.

  3. Адам

    онын кинасиз екенин далелдегеннен не пайда?! казир ол тири емес! полиция кызметкерлери киналини табудын онай жолын издеп биреуге жаба салганша жумыс истеу керек еди! сонда казир тири отырарма еди?! жалгыз Ерлан емес канша адамдар жатыр турмеде солай жала жабылган! сол нагыз кылмыскермен бирге жумысына салгытр карап Ерланнын олимине себепши болган полиция кызметкерлеринде жазалау керек еди! бырак кайдам оздеринин былыктарын жабу максатында бар кинани сол кылмыскерге жаба салды! канша дегенмен каскырдын аузы жеседе кан жемеседе кан дидигой… Алла сактасын адилет жок елде адилетсиз заманда омир сурип жатырмыз… Окиништи((

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *