Адамның құндылығы

Тағыда таксидегі болған бір сәттен естелік. Жолда кетіп бара жатып бір жігіт такси тоқтатып тұр екен. Тоқтадым да отырғызып алдым. Бет-әлпетіне қарасам таза қаланың жігіті. Өзінше бір стильді ұстанған. Орысша сөйлегені болмаса ұлты қазақ екен. Құлағындағы дәу наушникті көрдім де:
Қандай әндерді тыңдайсың?-деп сұрадым. Ол ойланбастан:
-Әдемі әндерді тыңдаймын, шектеу жоқ. Ән жақсы болса болды,-деп жауап берді. Мен нақ жауап бергенніне ырза болдым. Жол бойында әңгімелесіп отырып білсем- жігіттің жасы жиырма екіде екен. Фотограф болып жұмыс істейді. Өзіне өте сенімді. Қайда жүрсе де өзін еркін ұстай білетіндей жігіт екен. Сосын маған ойыма бір сұрақ келді. Бұл жігіттің өзіне сенімді болуы және өзін еркін ұстай алатындығы ненің арқасы екен? Әдетте, көп байқайтыным жақсы ақша табатын жігіттердің көбісі өздерін ақшаның күшімен еркін сезініп, еш қиыншылыққа мойымайтындай болып жүретін еді. Мына жігіт те тапқан ақшасының күшімен ұшып жүрген біреу емес па екен деп, сұрағымды жігітке қойдым:
— Өміріңде өзіңді сенімді ұстау үшін саған не көмектеседі, осындай сұраққа жауап бере аласың ба?-деп ем ол ойланбастан:
-Білім,-деді.
-Себебі, білімің болмаса қандай салада жүрсең де, қайда жүрсең де, нені қалай істеу керектігін білмесең әлбетте өзіңе сенімсіз боласың,-деп жауап берді. Мен басымды изеп: -Жарайсың, жақсы жауап екен,- деп мақтап отырдым. Сәл жүргесін оған:
-Сен осы уақытқа дейін өзіңе мынандай сұрақ қойып, жауап бергенсің бе? Қалай ойлайсың? Сен достарыңның немесе жақын туыстарыңның алдында құндылығың бар ма, я болмаса неңмен құндымын деп сезінесің? Болмаса сені іздейтіндер, сені көргенде қуанатындар бар ма? Ол сәл ойға батып кетті де:
— «Оппа», білмеймін, бұндай сұрақ қоймаппын әлі. Бырақ ойлаймын, жақындарыма менен тиетін пайдам үшін құндымын. Себебі барлығына мүмкіндігінше көмектесіп жүрем. Сол үшін де мені іздеп, көргенде қуанатындар баршылық,-деді. Шынымды айтсам бұл жігіттен бұндай жауаптарды күтпеп ем. Берген жауаптарына ырза болып отырдым. Сөйтіп діттеген жеріне жетіп, жігіт ақшасын төлеп, түсейін деп жатқанында сұрағын маған қойды:
-Мен түсінбедім. Бұл не қылған сұрақтар. Аяқ асты бұндай сұрақтарды не үшін қойдың? Мен:
-Жәй, Виктор Франкл деген психологты танисың ба? Сол Франкл кезінде барлық өмірін — адамның болмысын зерттеумен өткізген. Кез келген адам бойындағы түсініксіз құбылыстарды түсіндірумен айналысқан. Мен де сол кісі секілді сенің болмысыңды таразыға салып, қаншалықты салмақты екеніңді білгім келген. Саған бұл сұрақты қоймас та едім. Байқасам өзіңе сенімді әрі еркін ұстап отыр екенсің. Сосын, қоятын сұрағыма тұрарлықтай жігіт болғасын ғана сұрақ қойдым. Жауабың да керемет екен. Көзқарасың да түзу. Маған ұнады. Франклдың концлагерьдегі оқиғаларын оқып отырсаң, адамның бойындағы құндылық ол- жеткен жетістігі немесе оқуда озат болып, кәсіби мамандық иесі болуымен өлшенбейді. Олай дейтін себебім- концлагерьге вагондап әкелініп жатқан адамдардың арасында атақты жазушылар, небір атақты пионист-скрипкашылар, даңқты професорлар да болатын. Бырақ бұлардың ешқайсысын айтып отырған мамандықтары жанып жатқан крематоридан немесе газовый камерадан құтқара алмады. Барлығы концлагерьге келген кезде өткен өмірдегі кәсіби мамандықтары бағаланбай нөлге теңеліп, жоқ болды да, барлығының дәрежелері мақшар алаңындағыдай тең болды. Былай айтқанда: концлагерьге келген адамдар өздерінің атақтылығын ескертіп, өздеріне қандайда-бір құрмет көрсетілер деп ойлады. Бырақ концлагерьдің принципі басқа еді. Бұл жерде ешқандай атақ-даңқ жүрмейді. Тек екі ғана жол – жұмысқа жарамды екеніңді қалайда болмасын көрсетіп, өзіңді газовый камерадан сақтап қалу. Я болмаса, жұмысқа жарамсыз болсаң, сол күні-ақ камера ішінде газға уланып жатасың. Себебі немістер дені сау, жұмысқа жарамдыларын жұмыс жасатуға жіберіп жатты. Ал, жұмысқа жарамсыздардың баратын жерлері газовый камера екені белгілі еді. Осы кезде адамдар өздерін ешкім емес екендерін түсіне бастады. Уақыт өте келе концлагерьге қамалғандардың арасында бір ғана нәрсе бағаланып, бір ғана нәрсе құнды болды. Ол- адамдардың бір-бірлеріне деген қамқорлығы, бір-біріне деген жанашырлығы. Тыққан нанын өзінің қарны аш болса да қасындағысымен бөлісіп жеген кезде, адамдардың қадірлері де құндылықтары да артқан сайын арта берді. Турасында адамның құндылығы осынай қайырлы істермен өлшенді.
Міне, осылай. Сен жауап берерде мен ойлағам «әй осы қазыр айтатын шығар, мамандығың болса, стабильный зарплатаң болса, үйің болса, ешкімнен жалынып ақша сұрап, жексұрын атанбай жүрсең қадырің болады, әрі құнды боласың» деп. Қуанышқа орай сенің ойың ең дұрыс екен. Мына жақтағы өмірде де сондай. Бір қарағанда адамның құндылығы профессиясымен өлшенетін секілді. Ал шындығында адами қасиеттер о бастан бірінші орында тұр. Ал мамандығына сенгендер болса профессиясынан айырылған күні-ақ бет пердесі ашылып, ел алдында қаншалықты құнды екені белгілі болады. Жігіт өзінше іштей жымиды да:
-Рақмет саған, әңгімелескеніме қуаныштымын, -деп рақметін екі-үш рет айтып, ризашылығын білтіріп, көліктен түсіп қоштасып кетті. Мен де болған сұрақ-жауаптан кейін өздігімше бір марқайып қалдым да ары қарай кете бердім.




2 пікір “Адамның құндылығы

  1. шынар

    Тамаша. Авторы кім? жалғасы бола ма?

  2. Самал

    Қазір адам құндылығынан гөрі материалдық дүние құндырақ болып кеткен сияқты. Келісесіздер ме?

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *