Байқоңырға апаттық құтқару жүйесінің «Союза МС» қозғалтқыштық қондырғысы жеткізілді

216

«Союз МС»  жаңа кемесіне арналған апаттық құтқару жүйесінің қозғалтқыштық қондырғысы  Байқоңырға жеткізілді, деп хабарлады РИА Новости Роскосмос баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Союз МС»  жаңа кемесіне арналған апаттық құтқару жүйесінің қозғалтқыштық қондырғысы Байқоңырға жеткізілді. 20 маусымға жоспарланған жалпы жинақтау кезінде апаттық құтқару жүйесі зымыран тасығыштың бас бөлігіне орналастырылады», — делінген ведомствоның Facebookтегі парақшасында.

Жаңа экипаж 21 маусымда ұшырылады деп жоспарланған, алайда кейін оны 24 маусымға шегерді. Бұл экипаж «Союз МС» жаңа сериясының бірінші кемесінде ұшырылады.

Негізгі экипаж құрамында ресейлік ғарышкер Анатолий Иванишин, НАСА астронавты Кэтлин Рубенс және жапониялық Такуя Ониси бар. Олардың дублерлері — ресейлік Олец Новицкий, америкалық Пегги Уитсон мен Еуропалық ғарыш агенттігінің астронавты француз Тома Песке.

ҚазАқпарат агенттігі




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *