Кеш ұйықтаудың зияны көп

Демалыс мезгілінде еркінсіп, түнімен ғаламтор ақтарып немесе кітап оқып көптеген адамдар кеш ұйықтайды. Бұл ұйқы режимін бұзады. Кеш ұйықтаудың кесірінен ағзаға артық күш түсіп, түрлі аурудың қозуына себеп болады. Сондықтан, кеш ұйықтаудың зиянды жақтарын біле жүріңіз, деп жазады «Массагет» порталының Денсаулық айдары.

 1. Созылмалы шаршау

Адамда қалыпты ұйқы болмағандықтан уақыт өте келе ағзада ішкі стресс артады. Нәтижесінде, созылмалы шаршау және өзін-өзі қайта қалыпқа келтіре алмау туындайды.

2. Сұлулықтан айырылу

Ұйқы ол әдемілікті сақтау үшін ең тиімді және толықтай тегін тәсіл. Себебі, ұйқы кезінде тері жасушасында регенерация жүріп, ұлпалар қайта қалпына келеді.

3. Артық салмақ

Америкалық ғалымдар уақытылы ұйықтаған әйелдер аурудан тез айығатынын дәлелдеген. Ағзадағы ұйқы жетіспеушілігі зат алмасуды нашарлатады. Ағзаға ұйқы жетіспегендіктен артық салмақ қосу процесі 2 есе жылдам жүреді.

4. Иммундық жүйенің әлсіреуі

Бәрі айқын және қарапайым: түнде ағза қалпына келіп, жаңартылады, ол иммундық жүйені нығайтуға көмектеседі. Түнде иммундық жүйенің белсендірілген жасушалары, күні бойы денеге кірген патогенді микроағзаларды жояды. Ұйқының тұрақты түрде болмауы, ағзаның тұмау және ЖРВИ мен ауру қаупін 3 есе арттырады. Ересектерге дендері сау болуы үшін 7-8 сағат ұйықтауы қажет.

5. Қартаю

Түнгі ұйқы кезінде, тері жасушалары қалпына келеді, қан айналымы жақсарып, жасушаның оттегі, амин қыщқылдарымен қанығуына мүмкіндік береді. Тері түсін, тегістігін табиғи жолмен жақсартады. Алайда, бұл процес 8 сағаттан кем емес ұйқы кезінде жүреді.

Baq.kz




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *