1_215

Оралхан Бөкейге жолданған «хат»

Бірде досым Ғалымжан Елшібай (Елшібай атасының есімі) екеуіміз жолда келе жатқанда оны ұялы телефоны шырылдады. Бөтен нөмір болуы керек, Ғалекең кешіктіріп барып, телефонның көк кнопкасын басып, «Алло» деді.

— Бұл Елшібай ма? — деді ар жақтағы дауыс.

— Жоқ, оның немересі… — деді бұл да қырсығып.

— Елшібайдың өзі қайда?

— Ол кісі қайтыс болып кетті ғой…

— Не дейді, қашан? — Ой, біраз болып қалды…

— Ойбүй, мен естімеппін ғой… Ұят бопты-ау, көңіл айту керек еді… — деді де ана кісі телефонды баса салды. Тағы бір қызық жағдай. Облыстық газетте жүргенде спорт басқармасынан бір қыз хабарласып, факспен бір мәлімет хат жіберетінін айтты. «Хат басқа біреуге кетіп қалмас үшін төбесіне сіздің аты-жөніңізді жазып қойсам, не деп жазайын?…» деді. «Менің аты-жөнім Оралхан Бөкеев, сөйтіп жаза салыңыз» дедім. Біраздан кейін хатшы қыз «Сізге факс келді » деп бір қағаздарды әкеп берді, Қарасам, маңдайында «Оралхан Бөкеевке» деген сөз күлімдеп тұр екен.

Бағдат Қалдыбайдың фейсбугтегі парақшасынан




Пікір қалдыру