Қарбыздың пайдалы қасиеттерін білеміз бе?

Жаз мезгілінде қарбызға деген сұранысымыз бен тәбетіміз арта түседі. Дастарханымызда бұл дақылдың тұратындығы күннің аптап ыстығында заңдылық сияқты. Өйткені ол шөлімізді қандырып, бойымызға күш береді.  Біз қарбыздың бұдан басқа да пайдалы қасиеттерге ие екендігін білдік пе? Осыны анықтап көрейік.

  1. Қарбыз теріні жақсартады. Зерттеулер нәтижесі көрсеткендей, қарбыз құрамындағы А дәрумені теріні қалпына келтіріп, беттің жас ажарын сақтайды.
  2. Жүректің қызметін жақсартады. Қарбыз құрамындағы ликопин жүрек бұлшықетін бекітеді. С дәрумені, каротиноидтар мен калий қандағы зиянды холестеринді азайтып, жүректі зақымдалудан қорғайды.
  3. Қарбызды жиі тұтыну несептің шығуын жеңілдетіп, бүйректің қызметін реттейді.
  4. Қарбыздағы А дәрумені көздің көру қабілетін қалпына келтіреді.
  5. Кальций мен ликопин сүйектерді зақымдалудан қорғайды.
  6. Магний мен калий қан қысымын төмендетеді.
  7. Демікпеден зардап шегетіндерге қарбыз аса пайдалы. Оны көп мөлшерде тұтыну өкпе тынысын кеңейтіп, қызметін жақсартады.

Үміт Жұмаділова.

takprosto.cc




1 пікір “Қарбыздың пайдалы қасиеттерін білеміз бе?

  1. Марат

    Қарбыздың пайдалы қасиеттерін білмеген едік. Мына ақпаратты есте сақтай жүрейік.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *