Шәкірттеріме тілек!

1088

Ләззат Түменбаева,
қазақ  тілі мен әдебиеті  пәнінің мұғалімі

Неизвестный объект

Қорқынышты көрінді ме  мұғалім,
Деп айтқанша: «Айналайын,шырағым!».
Көз алдымда бәріңнің  де жәудіреп,
Мені  сәл-пәл  бөтенсініп тұрғаның.

Сонан кейін  қол созып  қалам-дәптерге,
Алғашқы  айбақ, сызық  салдық  беттерге.
Кейде  гулеп,кейде билеп   ән  салып,
Ұқсаушы едік  ақар-шақар кептерге.

Бәрі  енді   еске түсіп   тұр  бүгін,
Қимастықтың  тұманына  тұнды үнім.
Шындығым сол  жүректегі  шәкірттер,
Көрсем  деймін  болашақтың  жұлдызын.

Жақсы істерің  болып  жатса құптадым,
Дей алмаймын  ағатқа қабақ  шытпадым.
Енді  сендер елдің  сенген ертеңі,
Жазылмасын  ақ сапарда  жұптарың.

Ашасыңдар  болашақтың  беттерін,
Бойларыңда  оралымды ой, дөп сенім.
Жақсылықпен  қуантыңдар  біздерді,
Ұмытпаңдар  Қызылтудың  мектебін.

Алыс-алыс  армандарға беттедің,
Қандай ғажап  ойға алғанға  жеткенің!
Ақ жол менен  сәтті  сапар  тілейді,
Барлық  ұстаз, алтын  ұя мектебің!




2 thoughts on “Шәкірттеріме тілек!

  1. Ардақ

    Ұстаз еңбегі кей кездері бағаланбай қалатындығы рас. Ұстаздарымызға қажымас қайрат, шыдам мен сабыр тілейміз.

  2. Мейір

    Осындай ұстаздарымызды мақтан етеміз. Бас иеміз.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *