110998858_Stakanchistoyvoduy

Суды қай кезде ішкен дұрыс?

Сусыз жер бетіндегі тіршіліктің мүмкін еместігін барлығымыз жақсы білеміз. Адам ағзасына ең қажетті элемент денсаулық пен жастықты сақтаудың кепілі. Оны дұрыс мөлшерде ішу бірқатар аурулардың алдын алады. Суды көп жылдар бойы зерттеген жүздеген ғалымдар оны тамаққа дейін, немесе кейін ішудің дұрыстығына байланысты әлі бір тоқтамға келген жоқ.

Суды тамақтың алдында ішу ағзаға тоқтық сыйлап, тамақтану кезіндегі калорийлердің мөлшерін азайтады. Нақтырақ айтқанда, асқазанды сумен толтыру арқылы тамақтану мөлшерін азайтуға болады.  Сонымен қатар, шырындар мен қант қосылған сусындарды  сумен алмастыру арқылы дене бітіміңізді артық салмақ қосудан сақтайсыз.

Тамақ алдында ішілген  бір кесе су ағзаны зиянды токсиндерден тазартып, лимфожүйені  бір қалыпта ұстайды, асқазан-ішек жолдарын тазартады.

Ұйқыдан оянған кезде ішілген су түнде сусыздандырылған ағзаны сумен толтырады. Яғни таңғы ас алдында су ішсеңіз,  зат алмасу процесін жылдамдатып, ағзаны бір күнге  қуаттандырасыз.

Астан кейін ішілген су асқорыту процесін жылдамдатады,  азғаға қажетті пайдалы заттардың тез сіңуіне, сосын қорытылуына  атсалысады.

Сонымен, суды қай кезде ішуді өзіңіз шешесіз. Бастысы, оны ағзаға қажетті мөлшерде ішсеңіз, өзіңіздің сергіп, денсаулығыңыз бен көңіл-күйіңіздің айтарлықтай жақсарғанын байқайтын боласыз.

Дайындаған: Үміт Жұмаділова




3 пікір “Суды қай кезде ішкен дұрыс?

  1. Ғабит

    Ең бастысы, күніне көп мөлшерде су ішсек, қателеспейміз.

  2. Жандос

    Су болмаса, тіршілік те жоқ. Судың қадірін ұмытып бара жатырмыз.

  3. Ғайни

    Суды сарылдатып ағызамыз… Бір күн су болмай қалса, өкінеміз…

Пікір қалдыру