ef84ae93f95efb404d5c3257d31e5fcb_crop_l_12_t_2_w_823_h_463_resize_w_840_h_

Қырғызстан Парламенті конституцияға өзгеріс енгізу мерзімін белгіледі

Қырғызстан Парламенті ел конституциясына өзгеріс енгізу үшін референдум өткізу мерзімін 11 желтоқсан деп белгіледі, деп хабарлайды BNews.kz  тілшісіне сілтеме  жасаған Kazgazeta.kz.

Құжатты қабылдау үшін жергілікті бір палаталы парламенттегі 120 депутаттың 89-ы қолдап, 16-сы қарсы болды. Кейін бұл құжатқа президент қол қояды.

Конституцияға өзгеріс енгізуді ел президенті мен парламенттегі кейбір партиялар  ұсынған. Бұл түзету Президент өкілеттігін қысқартып, Премьер-министр өкілеттігін ұлғайтады. Сондай-ақ, укімет құрылған кезде Премьер немесе вице-премьер Жоғарғы Кеңес (парламент – ред.) депутаты мандатын сақтап қалады.

Оппозициялық саясаткерлер, қоғам қайраткерлері және құқық қорғаушылар мұны Президенттің өкілеттігін арттыруға бағытталған деп, түзетуге қарсылық білдіріп отыр.

Мемлекет басшысы Алмазбек Атамбаев болса, мұндай жаланы жалған деп, өзінің не Премьер-министр, не парламент спикері болмайтындығын айтты.

Қазіргі конституция 2010 жылы қабылданған. Соның нәтижесінде басқарудың президенттік түрінен парламенттікке ауысты. Сондай-ақ, конституцияда 2020 жылға дейін өзгеріс енгізуге болмайды деген тармақ бар.




2 пікір “Қырғызстан Парламенті конституцияға өзгеріс енгізу мерзімін белгіледі

  1. Айжүрек

    Қайта бұл әділетті шешім мен түзету емес пе? Әлде мен дұрыс ұқпадым ба?..

  2. Тұрсын

    Неге халық қарсылық білдіреді екен?

Пікір қалдыру