c9ca46a65f658058a422b1e82cca9c75_resize_w_520_h_

Жапония мен Ресейдің жақындасқанын қаламайтындар болды – Елбасы

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев NHK телерадио хабарлар тарату корпорациясы мен «Киодо Цусин» ақпарат агенттігіне сұхбат берді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

 Әңгіме барысында Қазақстан Президенті еліміздің ядролық қаруды таратпау және қарусыздану саласындағы жұмсаған күш-жігеріне байланысты сауалдарға жауап беріп, ядролық арсеналдан бас тарту туралы шешім қабылдауға әсер еткен себептер жөнінде айтты.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қазақстан мен Жапонияның өзара іс-қимылының, соның ішінде ядролық қарусыздану саласындағы ынтымақтастықтың перспективаларын атап өтті.

Бұдан бөлек, Елбасы өңірлік геосаяси үдерістегі республикамыздың рөлі және еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы әңгімеледі.

NHK телерадио хабарлар тарату корпорациясы мен «Киодо Цусин» ақпарат агенттігі Жапониядағы және жаһандық ақпарат кеңістігіндегі жетекші бұқаралық ақпарат құралдары болып саналады.

Сұхбат барысында Елбасы Жапония-Ресей қарым-қатынасына қатысты пікірін білдірді.




2 пікір “Жапония мен Ресейдің жақындасқанын қаламайтындар болды – Елбасы

  1. Мейір

    Әлемде болып жатқан саясатты түсіну қарапайым халыққа қиынға соғады.

Пікір қалдыру