Қазақстан Президенті Қытай Халық Республикасының Премьер-Министрі Ли Кэцянмен кездесті

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасының Премьер-Министрі Ли Кэцянмен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесуде Елбасының ҚХР-ға биылғы қыркүйектегі жұмыс сапары барысында қол жеткізілген Қазақстан мен Қытай арасындағы уағдаластықтардың іске асырылу мәселелері талқыланды.

Мемлекет басшысы Қытайдың маңызды стратегиялық серіктесіміз екенін атап өтіп, екі елдің қалыптасқан өзара қарым-қатынасын басқалар үшін үлгі деп санайтынын айтты.

– Өткен жолғы Қазақстанға сапарыңызда Сіз экономикалық ынтымақтастықтың бағдарламасын ұсынған едіңіз. Бұл бағдарлама аясында бірқатар келісімдерге қол қойылып, бүгінде іске асырыла бастады, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті қыркүйекте екіжақты қарым-қатынастың және халықаралық күн тәртібінің кең ауқымды мәселелері талқыланғанын еске салды.

– Сапар барысында жалпы құны 20 млрд доллардан асатын 51 жоба бойынша уағдаластыққа қол жеткіздік. Яғни, Қытай Халық республикасы біздің негізгі инвесторымыз болып саналады, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Ли Кэцян Қазақстанға шақырғаны үшін Елбасыға алғыс айтып, оның сапары елдеріміз арасындағы қарым-қатынастың стратегиялық мәні мен достық сипатын көрсететінін жеткізді.

Қытай Премьер-Министрі сондай-ақ ҚХР төрағасы Си Цзиньпинді Қазақстанға шақырғаны үшін де Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс білдірді.

– Біз алдағы уақытта да жоғары деңгейдегі байланыстарымызды жалғастыруға ниеттіміз. Өйткені ол өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік береді, – деді Ли Кэцян.

Екі ел арасындағы келісімдердің табысты жүзеге асуының жарқын мысалы ретінде Ли Кэцян автомобиль құрастыру жөніндегі индустриалды ынтымақтастық жобасын атады.

Мемлекет басшысы осы кәсіпорында болған кезде елімізде алғаш рет құрастырылған электромобильді өзі жүргізіп көргенін айтты.

Қазақстан Президенті тараптар қол жеткізген уағдаластықтардың  орындалуы оң қарқын алып отырғанына назар аударды.

Кездесу соңында Нұрсұлтан Назарбаев қабылданған барлық жобалар сапалы түрде және инновациялық деңгейде іске асырылатынына сенім білдірді.af0b6b9db32b9b1e07285604b0de515c




2 пікір “Қазақстан Президенті Қытай Халық Республикасының Премьер-Министрі Ли Кэцянмен кездесті

  1. Жандос

    Ең бастысы, арамызда бейбітшілік болсын.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *