520_h_

«Мәңгілік Ел» кітабы 1 желтоқсанда Елбасына тапсырылады

1 желтоқсанда елордада «Мәңгілік Ел» кітабы Елбасына тапсырылады. Егемендік шежіресі жазылған туынды өңірлердің дамуынан сыр шертеді.

 Ақтаудағы «Достық үйінде» өңір жастары аталған кітапты Батыс Қазақстан өрендеріне табыс етті. Мұнан соң шараға қатысушылар қала тұрғындары мен қонақтарына жүрекшелер мен шарлар таратып, «Менің елім — мәңгілік ел» деген жазуы бар кәдесыйларды тарту етті.

«Бүгін таңсәріден бастадық, көлік жүргізушілерін құттықтадық, әуежайға барып құттықтадық. Акция мақсаты — «Мәңгілік Ел» акциясын ілгерілету, жастар арасында патриоттық сезімін ояту», — дейді Облыс әкімдігі аппаратының «Қоғамдық келісім» ММ маманы Қамқа Күмісқалиева.

Хабар 24




Пікір қалдыру