«ҮРКЕР – ҮМІТ» бәйгесі

«Қазақ газеттері» ЖШС-не қарасты «Үркер» әдеби-мәдени, қоғамдық-саяси журналының проза, поэзия, публицистика  жанрлары бойынша жас таланттарды қолдау мақсатында жарияланған «ҮРКЕР-ҮМІТ» бәйгесі мәресіне жетті.

        Қазылар алқасының шешімімен үздік деп танылған жеңімпаздарды марапаттау салтанаты Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының (Абай мен Абылайхан   даңғылының қиылысы) конференц-залында  9 желтоқсан күні сағат 11-де өтеді.

Жеңімпаздарға жүлдені «Қазақ газеттері» ЖШС-інің Бас директоры, редакторлық кеңесінің төрағасы Жұмабек Кенжалин, «Үркер» журналының бас редакторы, жазушы Қуандық Түменбай мырзалар табыстайды.

        Жүлдегерлер арнайы дипломмен, заттай сыйлықтармен марапатталады.

        Келемін деушілерге есік ашық. Іс –шараға ақпараттық қолдауға ниетті журналист әріптестерді де шақырамыз.

       

 

 

 




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *