сулық-950x950

Майлықпен аяқ киімді сүртпеу ырымы

Бір күні Шайқы Бұрқы әулие періштелермен сөйлесіп отырып:

– Пенделер күнә-қылмысқа белшесінен батты. Олардың барлығын да Құдай кешірсін деп тілеймін. Алайда Алла кешпейтін күнә бар ма? – деп сұрайды.

– Ата-анасын ренжіткенге кешірім жоқ. Бірақ күнәнің ауыры – дастархан сүрткен майлықпен аяқ киімді сүрту. Ондай адамның ырыс-берекесін Ұлық Алла өзі жояды, – депті періштелер. Бұрқы шошып кетеді. Сол күннен бастап ел ішінде «майлықпен аяқ киімді сүртуге болмайды» деп насихат жүргізген екен.

Ел аузында айтылатын тағы бір аңызда майлықты сүлгі орнына пайдаланған адамның қырық жылдық құлшылығы жойылады екен.




Пікір қалдыру