IMG_465

ҚАСИЕТТІ ӨҢІРДЕГІ ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР

Елдің береке, бірлігіне соны серпін беруде

Елбасының бес институттық реформасынан туындайтын «Ұлт жоспары: 100 нақты қадам» атты баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекеттік маңызды  құжатында және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы Декларациясында айтылған тұжырымдар мен қағидаларды басшылыққа алған Сыр өңірінің жұртшылығы, оның ішінде танымдық тарихи-шежіресі бай, жарасымды еңбек және дара сырлы өнер дәстүрі бар қасиетті Қармақшы ауданының еңбеккерлері ел Тәуелсіздігінің мерейлі мерекесін толымды табыстармен қарсы алып отыр. Осыған орай «Қазақ газеттері» ЖШС-на қарасты «Экономика» газетінің арнаулы тілшісі аудан әкімі Сұлтан Мақашовқа жолығып, одан қасиетті өңірдегі соны өзгерістер жөнінде айтып беруін өтінген еді. Төменде осы сұхбатты оқырмандар назарына ұсынып отырмыз.

Неизвестный объект

– Сұлтан Ысқақұлы, мерейлі мерекенің алдындағы көңіл-күйлеріңіз қандай? Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына қандай тартулармен келдіңіздер? Әңгімені осыдан бастасаңыз…
– Рахмет! Өзіңіз айтқандай, Қармақшы ауданы бір ғана Сыр өңіріне емес, республикаға, одан да тыс алыс-жақын шетелдерге өзінің бай тарихымен, құнды мәдени-рухани ескерткіш жәдігерлерімен кеңінен танымал десем, еш қателеспеймін. Ұзын аққан Сырдарияның бойы тұнып тұрған тарих, сыр, қазына десек, соның ішінде күй атасы – Қорқыттың жамбасы тиген Қармақшыны алты алаштың қасиетті, киелі мекен санайтыны әмбеге аян. Мұнда сол абыз атаның ізімен жырдың, әннің көшін түзеген Ешнияз салдан бастап алаш жұртын ауыздарына қаратқан Тұрмағамбет, Балқы Базар, Дүр Оңғар, Шораяқтың Омары сынды жүздеген ақын-жыраулардың өткенін бүгінгі ұрпақтары зор мақтаныш тұтады. Содан да болар, ел ішінде «Қармақшы – жыраулар отаны» деген қанатты сөз тарап кеткен. Әйтпесе, жүз ақын-жырауы, би, шешені шыққан өңір әр жерде кездесе бермейді ғой.

Ал, өңірдің еңбек дәстүріне келсек, бұрынғы ата-бабалар салған соқпақ жолдың сұлбасы бүгінде қажырлы да, қайтарымды еңбекпен айқындала түскен. Бұрынғы көнетоз, жұпыны ауылдар сол еңбектің арқасында танымастай өзгеріп, құлпырып, жайнап жатыр. Мұны ауданның биылғы жылғы элеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің орындалу барысынан да анық байқауға болады. Әсіресе, ауданның ауылшаруашылығы саласы бойынша ағымдағы жылы барлығы 21 714 гектар егіс орналастырылды, оның ішінде  14025 гектарына күріш дақылы себілді. Өткен жылмен салыстырғанда жалпы егіс көлемі 296 гектарға, ал күріш көлемі 1365 гектарға кем егілген болса, ал бидай 80 гектарға, мақсары 670 гектарға, мал азығындық дақылдар 444 гектарға артық егілді.
Қазіргі таңда күріш дақылының әр гектарынан 58,3 центнер алынып, 81,7 мың тонна өнім жиналды, бидай гектардан 12 центнер алынып, 276  тонна өнім жиналды, ал майлы дақылдар (мақсары) гектардан 5 центнер алынып, 422,5 тонна өнім жиналды. Жаңажол, Ақтөбе шаруашылықтары әр гектардың берекесін жыл сайын арттыра түсуде. Жекелеген кейбір диқандар күріштің әр гектарынан 60-70 центнердің үстінде өнім жинауды қамтамасыз етті.
Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп 640,5 млн теңге көлемінде субсидия (егін шаруашылығына 590,7 млн.теңге, мал шаруашылығына 49,8 млн. теңге) есептеліп берілді. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 6049,2 млн теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 101,6 пайызды құрады.
– Ал, енді мал шаруашылығында қандай жаңалық, өзгерістер бар? Мем лекеттік бағдарламалардың орындалу барысы қалай жүріп жатыр?
– Мал басын көбейту мақсатындағы жұмыстарға мемлекет тарапынан «Сыбаға», «Құлан», «Алтын Асық»  бағдарламалар аясында қолдау көрсетіліп келеді. Ағымдағы жылы «Сыбаға» бағдарламасы бойынша «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Қызылорда филиалы және «Қорқыт елі» КС  арқылы 28,5 млн теңге несие алынған. Оның ішінде «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Қызылорда филиалы арқылы 15,2 млн теңге несие 3 шаруа қожалығы («Саяжан» ШҚ 4,0 млн. теңге, Жосалы кенті 28/1; «Жорта» ШҚ 10,0 млн.теңге, Ақтөбе ауылы 57/3, «Ертілеу» ШҚ 1,2 млн.теңге, Иіркөл ауылы 3 бас бұқа) барлығы 85 бас аналық, 7 бас бұқа алып тұқымдық түрлендіруге қатыстырылуда. Бұдан бөлек аудан көлемінде 7 шаруашылық өз қаражаты есебінен 15 бас асыл тұқымды бұқа алып, өз меншіктеріндегі 311 бас аналықты тұқымдық түрлендіруден өткізуде.
Сонымен бірге, қазіргі уақытта Қармақшы ауылдық округінен «Ауылым Абла» ШҚ «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Қызылорда филиалы арқылы 10,5 млн теңге несие алып, мал сатып алу жұмыстарын жүргізуде (63 бас аналық, 3 бас асыл тұқымды бұқа). «Ниетбай» ШҚ «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Қызылорда филиалы арқылы (120 бас аналық, 4 бас асыл тұқымды бұқа) 15,0 млн.теңге несие алуға құжаттарын өткізіп, шешімін күтуде. Сондай-ақ,Т.Көмекбаев ауылдық округінен «Нұрислам» ШҚ «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Қызылорда филиалы арқылы, (146 бас аналық, 5 бас асыл тұқымды бұқа) 17,0 млн.теңге. несие алуға құжаттарын дайындауда.
«Алтын асық» бағдарламасы бойынша ағымдағы жылы Ақтөбе ауылдық округінен «Дөйт» ШҚ «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Қызылорда филиалына 12,0 млн.теңге несие алуға, яғни 600 бас аналық, 20 бас асыл тұқымды қошқар сатып алуға құжаттары өткізіліп, шешімін күтуде.
Бағдарлама аясында ауданға бекітілген жоспар 850 бас аналық, 29 қошқар. Жоғарыда аталған жоба жүзеге асқан уақытта жоспар 70,5 пайыз аналық, 68,9 пайыз қошқар орындалады деп күтілуде.
Сонымен бірге «Құлан» бағдарламасы бойынша Ақтөбе ауылынан «Ернұр» ШҚ мен Серік Талқанбаев, Қуаңдария ауылынан Абай Дүйсебаев «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Қызылорда филиалына тиісті құжаттарын дайындап, өткізуде, қолдау табылған жағдайда 39,0 млн теңге несиеге 150 бас бие, 10 бас асыл тұқымды айғыр сатып алынады.
Мал шаруашылығында өткен жылдың қаңтар-қырқүйек айларымен салыстырғанда мүйізді іріқара басы 1,2 пайызға (25371 бас), қой басы 5,1 пайызға (30601 бас), жылқы басы 22,0 пайызға (6960 бас), түйе басы 1,9 пайызға (2797 бас) өсті, ал ешкі басы 6,8 пайызға (17941 бас), құстар 10,7 пайызға (16408 бас) төмендеген.
Есепті кезеңде 2472,7 тонна ет, 4369,7 тонна сүт, 499,0 мың дана жұмыртқа өнімдері өндірілді. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда ет өнімі 101,2 пайызды, сүт өнімі 101,2 пайызды,  жұмыртқа 100,6 пайызды құрады.
Ветеринария саласы бойынша да ауқымды жұмыстар атқарылды. 2016 жылы эпизоотияға қарсы іс-шараларды атқаруға республикалық бюджеттен 64258 мың теңге қаржы бөлініп, қазіргі таңда 40 957 мың теңгесі игерілді (бөлінген соманың 63,7 пайыз).
Энзоотиялық ауруларға қарсы егуге аудандық бюджеттен бөлінген 4007,0 мың теңге қаржының 2299,0 мың теңгесі  игерілді (бөлінген соманың 57,3 пайызы). Бұл мал ауруларына қарсы егу жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде.
Зерттеулер қорытындысымен аса қауіпті жұқпалы Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруымен ауданның (Абыла, Қуаңдария, Қызылтам, Анакөл, Таңшапағы) қолайсыз елді мекендер қатарына енген елді мекендерді көктемгі және күзгі айларында залалсыздандыру жұмыстарына облыстық бюджеттен 1970,0 мың теңге бөлініп, залалсыздандыру жұмыстары  жүргізіліп, қаржы толық игерілді..
– Ауданда шағын және орта бизнесті дамытудың, ауылды жерлерде жаңа жұмыс орындарын ашудың қандай мүмкіндіктері қарастырылуда?
– Аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің мәліметіне сәйкес тіркелген шағын субъектілердің саны 3220-ға жетіп, өткен жылдың тиісті  кезеңімен салыстырғанда 7,0 пайызға, онда жұмыспен қамтылғандар  саны 5 613 адамды құрап, 4,9 пайызға өсті.
Индустрияландыру картасына және өңірлер кәсіпкерлігін қолдау карталарына енгізу үшін жобаларды қарау жөніндегі салалық комиссияның қорытындысының 2016 жылдың 14 наурызындағы №1 хаттамасына сәйкес жеке кәсіпкер Ж.Жаппасбаевтың «Металл бұйымдарын өңдеу цехы» жобасына келісім беріліп, аймақтық үйлестіру кеңесіне ұсынылып қолдау тапты. Жоба құны 10,5 млн теңге.
«Ақтөбе и К» ЖШС-нің «Қуаттылығы жылына 1500 тонна құс етін өндіретін зауытын ашу» жобасы Өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасына енгізілді. Жобаны қаржыландыру «Байқоңыр» ӘКК АҚ-мен бірлескен кәсіпорын құру арқылы жүзеге асырылуы жоспарланған. Қазіргі таңда  жобалық құжаттары әзірленуде, 2017 жылдың наурыз айына құрылысын бастауды жоспарлап отырмыз. Құс фабрикасы іске қосылған кезде жұмыс қолының да көбейетіні даусыз.
Жыл басынан «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде құны 83,0 млн теңге болатын 4 жоба несие пайызын субсидиялауға қол жеткізді. Сонымен қатар, бағдарлама аясында жобаларды ұйымдастыру және іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беру бойынша Өңірлік үйлестіру кеңесінің шешімімен 8 жоба 5,8 млн теңгенің грантына қол жеткізді.
«Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығы» ЖШС-нен өндіріс және қызмет көрсету саласындағы 18 жоба 130,18 млн теңге несие алып, жұмыстарын бастады.
Жосалы кентіндегі №1 индустриялық аймаққа инфрақұрылым жұмыстарын жүргізу үшін 2015-2016 жылдары 112,0 млн. теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың маусым айында аяқталды. Қазіргі таңда өндіріс бағытындағы жобаларды аймаққа орналастыру үшін 7 жоба жоспарланып, «Мир-2001» ЖШС-нің «Бетон бұйымдарын шығару және құрылыс құм-тас қоспасын фракцияларға бөлу цехы» және ЖК ТұрсынТөлеповтің «Жиһаз жасау цехы» жобаларын индустирялық аймаққа орналастыру бағытында «Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» арқылы жер алу үшін тиісті құжаттары облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасына өт­кізілді.
«Дипломмен – ауылға» бағдарламасы аясында 72 маманға 10,7 млн. теңге көтерме жәрдемақы және 30 маманға тұрғын үй сатып алуға 92,2 млн. теңге несие берілді.
– Енді аудан көлемінде өңірді дамытудың қандай шаралары қолға алынып жатқандығына білуге болар ма екен?
– Әлбетте, аудан бойынша бөлшек сауда тауар айналымы 2518,7 млн теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 94,6 пайызды құрады. Ауданның өнеркәсіп саласындағы кәсіпорындары 1261,0 млн теңгенің өнімін өндіріп, өткен жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 100,4 пайызды құрады.
Аудан бойынша негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 7588,0 млн. теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 62,8 пайызды құрады. Инвестиция саласының төмендеуінің басты себептері аудан аумағындағы бірқатар ірі жобалардың – Батыс Еуропа-Батыс Қытай халық­ара­лық автодәлізі, «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магис­тралды газ құбырының құрылысы аяқталуына байланысты болып отыр.
Есепті кезеңде 16451 шаршы метр тұрғын үй іске қосылып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 101,1 пайызды құрады. Құрылыс жұ­мыстарының көлемі азайды. Оның көлемінің тө­мендеу себебі бұл да  аудан аумағындағы бірқатар ірі жобалардың жүзеге асырылуының аяқталуына байланысты болып отыр және республикалық бюджеттен қаржыландырылған жобалардың тоқтатылуына байланысты.
«Өңірлерді дамыту – 2020» бағдарламасы шең­берінде өңірлерді экономикалық дамытуға жәр­демдесу бойынша шараларды іске асыру бюджеттік бағдарламасына тұрғын үй-коммуналдық шаруа­шы­лығы тұрғын үйді жаңғырту бағдарламасы аясында Жосалы кенті Абай көшесіндегі №98 және №100 тұрғын үйлердің күрделі жөндеу жұмыстарына аудандық бюджеттен 9825 мың теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары аяқталды.
Сонымен қатар, 5 тұрғын үйді жөндеу үшін Қы­зылорда облыстық тұрғын үй-коммуналдық шар­уа­шылық басқармасына бюджеттік өтінімге құжаттар өткізілді.
Автокөлік жолдарын жөндеу жұмыстарына да үлкен мән берілуде. 2016 жылы ауданның авто­көлік жолдарын күрделі және ағымдағы жөндеу жұ­мыстарына облыстық және аудандық бюджеттен барлығы 266 млн теңге қаралған. Қаралған қаржыға төмендегі жұмыстар жүргізілуде:
2016 жылы аудандық бюджеттен аудандық маңыздағы автомобиль жолдарына ағымдағы жөндеу және оны күтіп ұстау жұмыстарына 28 млн 611 мың теңге қаржы бөлініп, Ақжар-Көмекбаев аудандық маңыздағы жолының 1,4 км учаскесіне орташа жөндеу, ал қалған бөлігіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, елді мекендердің автокөлік жолдарын жөндеу жұмыстарына 206500 мың теңге қаржы қарастырылды:
– Жосалы кентіндегі 22 көшеге жөндеу жұмыстарына 86,0 млн.теңге, Е.Көшербаев көшесіне күрделі жөндеу жұмыстарына 86,5 млн.теңге, Ораз Ахун және Қорқыт ата көшелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарына 7,3 млн.теңге бөлінді;
– ІІІ-Интернационал ауылы бойынша Қазақ және Астана көшелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 12,5 млн.теңге бөлінді;
– Алдашбай-Ахун ауылындағы О.Шораяқұлы көшесіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 8,6 млн.теңге бөлінді;
– Қармақшы ауылына қарасты Қызылтам елді мекеніндегі Сарыжылуан көшесін жөндеуге 5,6 млн.теңге қаржы қарастырылды.
«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында 30 млн 832 мың теңге (аудандық бюджеттен 3426,0 мың теңге) қаржы бөлінді.
– Ауыз су, елді мекендерді абаттандыру, көркейту мәселелері қалай шешімін табуда?
– Ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша. 2016 жылы  аудандық бюджет есебінен Ақжар елді мекені тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында ауыз су скважинасын бұрғылау жұмыстарын жүргізуге  15,0 млн. теңге қаржы бөлініп, қажетті жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, ауданның 7 елді мекендегі ауыз су желісін республикалық меншікке өткізуге байланысты құжаттары рәсімделіп, «Қазсушар» МКК-ні мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің келісімдері алынды.
Аудан орталығын ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесіне байланысты «Жосалы кентіндегі су жүйесін және 2-ші көтерме насос станциясын қайта жаңғырту» (225,1 млн.теңге)  және «Жосалы кентіндегі тұрғын үйлерге су құбырын жеткізу желісінің құрылысы» (434,1 млн.теңге) жобаларын іске асыруға «Нұрлы жол» бағдарламасы арқылы 660,0 млн теңге қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.
Ағымдағы жылы барлық кент және ауылдық округтеріне абаттандыру және көгалдандыру жұ­мыстарына аудандық бюджеттен және жергілікті өзін-өзі басқару органның арнайы шоты арқылы (ҚБШ) қаржы бөлінді. Атап айтқанда: абаттандыру жұмыстарына барлығы 123 млн 338 мың теңге, оның ішінде аудандық бюджеттен 93 млн 286 мың теңге, арнайы шот арқылы 30 млн 052 мың теңге бөлінді.
Биылғы жылы «Өңірлерді дамыту-2020» бағ­дарламасы шеңберінде өңірлерді экономикалық дамытуға жәрдемдесу бойынша шараларды іске асыру» бюджеттік бағдарламасы аясында Жосалы кентіне барлығы 48242 мың теңге қаралған. Қаралған қаржыға Ораз-Ахун, Қорқыт-Ата, Б.Момышұлы көшелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр және кенттің 7 көшесіне қиыршақ тас төселіп, грейдермен тегістеледі, сонымен қатар 71 дана бағана орнату қарастырылған. 2016 жылдың 1 қазанына игерілген сомасы 17000,0 мың теңгені құрайды, немесе қаралған соманың 35,2 пайызы.
Қармақшы ауданы бюджетінің 2016 жылдың 1 қазанына түсімдер болжамы 6 млрд 901 млн 231 мың теңге болып, нақты 7 млрд 047 млн 766 мың теңгеге атқарылды, немесе 102,1 пайызға орындалды.
Есепті кезеңге аудан бюджетінің өз кірістерінің жоспары 837 млн 718 мың теңге болса, нақты 851 млн 591 мың теңгеге атқарылып, орындалуы 101,7 пайызды құрады.
Аудан бюджетінің шығындар жоспары 6 млрд 901 млн 231 мың теңге болып, нақты 6 млрд 786 млн 735 мың теңгеге, яғни болжам 98,3 пайызға атқарылды. Жоспарланған бюджет шығындарының 114496,3 мың теңгесі игерілмеді (үнемделген қаржылар).
– Әлеуметтік салада нақты адамдарға жасалып жатқан қамқорлық жөнінде не айтуға болады?
– 2016 жылдың 1 қазанына дейін халықты жұ­мыспен қамтуда жұмыс іздеуші ретінде хабарласқан жұмысссыздар саны 2668 адам (Байқоңыр қаласын қоса есептегенде) тіркеуге алынды. Осы мерзімде есепте тұрған жұмыссыздар саны 604 адам (2015 жылдың 9 айы – 872), тіркелген жұмыссыздар үлесі 2,4 пайызды құрайды. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,1 пайызға төмендеді (2015 жылдың 9 айы – 3,5). Жалпы жұмыссыздық деңгейі 5,3 пайызды құрады (облыста бұл көрсеткіш 5,0 пайыз).
2016 жылдың 1 қазанына 983 адам тұрақты жұ­мысқа орналастырылды, 440 жұмыссыз ақылы қо­ғам­дық жұмыстарға тартылды. 742 жаңа жұмыс орын­дары ашылды, жылдық жоспар 100 пайызға орын­далды.
Ауданда 9 рет «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі өткізілді. Нәтижесінде 92  азамат жұмыспен қам­тылды. Аудан  бойынша аз қамтамасыз етілген жә­не мұқтаж 8214 азаматтарға мемлекет тарапынан 215,9 млн теңге көлемінде әлеуметтік төлем түрлері  төленді:
– 256 алушыға 4,6 млн. теңгеге атаулы әлеуметтік көмек төленді, 2015 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда алушылардың саны 20 адамға азайды;
– 1696 отбасына 72,9 млн.теңгеге тұрғын үй көмегі тағайындалды, 2015 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда алушылардың саны 62 отбасыға азайды;
– 5280 балаға 77,2 млн.теңге 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақы төленді, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда жәрдемақы алышулар саны 51 балаға, төленген қаржы көлемі 2,7 млн.теңгеге артты;
– жергілікті бюджеттің есебінен жекелеген санаттағы әлеуметтік қолдауды қажет ететін 982 адамға 61,2 млн.теңгеге әлеуметтік көмектер төленді.
«Жұмыспен қамту – 2020» бағдар­ламасы бойынша жыл басынан хабарласқан 881 адамның 880-мен әлеуметтік келісім шарт жасалды,  оның ішінде 98 адам өзін-өзі қамтығандар, 782 адам жұмыссыздар.
«Жұмыспен қамту – 2020» бағдарла­масының І-бағыты аясында Ақтөбе ауылында ор­наласқан №16 «Перизат» балабақшасында (25,7 млн. теңге) және Төретам кентіндегі №4 «Күн нұры» балабақшасында (78,4 млн.теңге) күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Оған 19 адам жұмысқа жолданды.
«Жұмыспен қамту – 2020» бағдарла­масының ІІ-бағыты «Ауылда кәсіпкерлікті дамыту» бойынша 2016 жылға шағын несиелендіруге қаралған қаржының 320,1 млн тенгесі 137 адамға таратылды.
Қосымша 2015 жылдың соңында шағын несиелендіруге 300,0 млн теңге бөлінді. 100,0 млн теңге «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Қызылорда филиалы арқылы 50 адамға таратылды. Қалған 200,0 млн.теңгеге «Байқоңыр» ӘКК ҰК арқылы 5 несие серіктестіктерінің жобалары («Ел Нұр капитал», «Арна 1», «Талант 2020», «Қармақшы 2», «БадиНур» ЖШС) несиелендірілуде. Қазіргі таңда игерілгені 173,0 млн. теңге.
2016 жылдан бастап пилоттық режимде 20 адамға 6,0 млн теңгеге дейін несие қаралды, қаралған қаржы көлемі 115,0 млн теңге. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Қызылорда филиалына ниет білдіруші 53 адамның тізімі жолданып, бүгінгі күнге қор тарапынан 13 адам шағын несие алуға оң шешімін тауып, 2 адам 5 млн. теңгеден 10,0 млн.теңге шағын несие алды.
ІІІ-бағытының І-құрамдас бөлігі «Оқу және қоныс аудару» бағыты бойынша қайта даярлау курсына 55-64 жас аралығындағы адамдарды оқытуға, республикалық бюджеттен 951,0 мың теңге қаржы қаралып, 5 адам оқыту жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 26 қырқүйегінде Қармақшы аграрлық техникалық колледжінің «Электронды есептеу машиналарының операторы» мамандығы бойынша оқуға жолданды.
2016 жылы «Әлеуметтік жұмыс» орындарына респубкалық бюджеттен 40 адамға 10,3 млн.теңге және жергілікті бюджеттен 40 адамға 5,1 млн.теңге бөлінді. Қазіргі таңда республикалық бюджеттен қаралған қаржыға 43 адам жолданып, 5,9 млн. теңгеге игерілді. Жергілікті бюджеттен қаралған қаржыға 24 адам жолданып, игерілген қаржы 1,5 млн.теңге.
«Жастар тәжірибесіне» республикалық және жергілікті бюджеттерден 22,8 млн. теңге қаралған. 110 адам 60 мекемеге жұмысқа жіберілді, игерілген қаржы сомасы 19,0 млн.теңге. Жолданған адамдардың ішінде 18 адам тұрақты жұмыспен қамтылуда.
ІІ-құрамдас бөлігі «Оқу және қоныс аудару» бағыты бойынша Т.Көмекбаев ауылында салынып жатқан екі пәтерлі 7 қызметтік тұрғын үй құрылысы толық аяқталып, тиісті құжаттары әзірленіп, Қармақшы аудандық жұмыспен қамту орталығы КММ-нің теңгеріміне алынды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 маусымдағы №636  қаулысына сәйкес жұмыс берушілердің қатысуымен 10 пайыздық үлесін қосу арқылы салынған қызметтік тұрғын үйлерге Қармақшы ауданы бойынша әлеуеті төмен болып белгіленген, Т.Көмекбаев ауылдық округіне қарасты Шобанқазған, Кекірелі елді мекен­дерінен 14 отбасы қоныстанды. Ереже талаптарына сәйкес 14 отбасымен әлеуметтік келісім-шарт жасалып, автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне енгізілді.
– Халыққа білім беру, балабақша жұмысын үй­лестіру және мәдениет, спорт саласын өркендету бағы­тында қандай ілгерілеушіліктер бар?
– Қармақшы ауданында 28 жалпы  білім беретін орта мектеп, 1 негізгі мектеп барлығы 29 мектеп жұмыс жасайды. Жаңа оқу жылында 13566 оқушы мектеп партасына отырды  (оның ішінде Байқоңыр қаласындағы оқушылар саны – 4772 бала).
Биылғы жылдың ерекшелігі, аудан бойынша 1-ші сыныпқа келген 1860 оқушы жаңартылған білім мазмұны (12 жылдық білім беру жүйесі) бойынша білім алуға көшті. 1-сыныпқа арналған оқулықтар түгел дерлік жаңа бағдарламаға сәйкес жаңартылып, оларға сабақ беретін 85 педагогтың 71-і (83,5%) арнайы даярлықтан өтті. Байқоңыр қаласы бойынша бойынша 1 сыныпқа 645 оқушы қабылданды.
Аудан бойынша 57 (31 балабақша, 26 шағын орталық) мектепке дейінгі ұйым жұмыс жасайды, онда 3615 бала тәрбиеленуде. 3-6 жас аралығында балалар мектепке дейінгі тәрбиемен 100 пайыз қамтылды.
«Назарбаев Зияткерлік мектептері», Педагоги­ка­лық шеберлік орталығының ұйымдастыруымен орта білім мазмұнын жаңарту бағдарламасы бойынша 2016 жылға 259 педагогты оқыту жоспарланып, 2016 жылдың 1 жарты жылдығында 211 педагог бі­ліктілігін арттырды (ол 81,4 %).
Байқоңыр қаласында орналасқан мектептерге физика, химия, математика, робототехника,биология, география кабинеттеріне құрал-жабдықтар сатып алуға 116,0 млн.теңге бөлініп, қазіргі таңда кабинет жабдықтары сатып алынуда.
Жалпы 2016 жылдың ІІ-жартыжылдығына қа­жетті отын қорын жасақтауға аудандық бюджеттен 91,5 млн. теңге қаржы қаралған, оның ішінде сұйық отынға 81,7 млн теңге (837 816,1 литр), қатты  отынға 9,8 млн. теңге  қаржы бөлінді. Сондай-ақ, Қуаңдария ауылдық округінде апаттық жағдайдағы мектеп құрылысын бастауға 20,0 млн бөлінді. Құрылыс жұмыстары келер жылы жаңа оқу жылына дейін аяқталады.
Жосалы кентінде 90 орындық 2 балабақшаның (№3 «Ертөстік» (5,0 млн.теңге) және №5 «Айгөлек» (5,0 млн. теңге) балабақшалары) құрылысын бастауға 10,0 млн. теңге облыстық бюджеттен бөлініп, құрылыстары басталды.
Сонымен қатар, Байқоңыр қаласындағы 6 мектеп пен 1 балабақшаның жылу жүйесін газдандыру мақсатында аудандық бюджеттен 6,5 млн.теңге және облыстық бюджеттен 25,9 млн.теңге, республикалық бюджеттен 169,0 млн теңге, барлығы 201,4 млн теңге бөлініп, дербес модульдік бу қазандықтарын сатып алып орнату жұмыстары жүргізілуде, желтоқсан айында жұмыстар аяқталды.
Ағымдағы жөндеу жұмыстарына  аудандық бюджеттен 3 мектепке 13,2 млн. теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары аяқталды (№250 мектеп-лицей – 3146,0 мың теңге, №85 мектепке – 3866,0 мың теңге, №106 мектепке – 6227,0 мың теңге).
Мәдениет саласы бойынша жыл басынан бері 1573 мәдени шара өткізілді. Бұл саланы қолдау мақсатында 2016 жылы аудандық бюджеттен Қорқыт-Ата кешенін қоршауға – 20,0 млн. теңге, мұражайға экспозициялық зал жасауға – 22,0 млн. теңге, өнерпаздарға сахналық киім алуға – 5,0 млн. теңге, «Жыраулар үйінің» ағымдағы жөндеу жұмыстарына – 3,5 млн. теңге бөлінді.
Аудан тұрғындарын бұқаралық спортқа тарту бағытында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Есепті мерзімде 91 спорттық іс-шаралар өткізіліп, оған 8946 спортшы қатысты.
Жыл көлемінде  аудан спортшылары спорт түрлерінен жасөспірімдер, жастар және ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаттары мен Кубоктарында 10 алтын, 5 күміс, 10 қола медальды жеңіп алса, жерлесіміз Мақсат Исағабылов үстіміздегі жылғы 27-29 мамыр аралығында Ашхабат қаласында (Түркіменстан) өткен самбодан ерлер арасындағы Азия чемпионатының жеңімпазы атанды. Жасөспірімдер арасында Дамир Әбдеков (60 кг. салмақта) күміс жүлдегер атанды.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай аудан бойынша 5 нысан таныстырылып, пайдалануға берілуі жоспарлануда. Атап айтқанда, күрделі жөндеуден өткізілген «Күн нұры» балабақшасының ашылуы, қайта жаңғыртудан өткізілген «Аудандық оқушылар үйі» ғимаратымен танысу, «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасының ІІ бағытты аясында берілген несие қаржыға салынған 100 орындық балабақшаны пайдалануға беру, тұрғын үй салу үшін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымы тартылған жер учаскелерін табыстау рәсімі, Қармақшы аудандық тарихи-өлкетану музейінің экспозициялық көр­месімен танысу.
Қазіргі таңда, Қармақшы ауданына қарасты ІІІ Ин­тернационал ауылдық округінде «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасының ІІ бағыты «Ауыл­дық жерде кәсіпкерлікті дамыту» бойынша «Байқо­ңыр» ӘКК» ҰК-сы арқылы 50,0 млн. теңгеге 100 орындық «Бади Нұр kz» балабақшасы салынып, пайдалануға берілді. Мектепке дейінгі білім беру ме­ке­месінің тәрбиелеу-оқыту процесі Қазақстан Рес­­публикасының мемлекеттік білім стандарты бойынша «Балабақшадағы оқыту мен тәрбиелеу бағ­дарламасына» сәйкес «Балапан бағдарламасы бой­ынша» жүзеге асырылуда.
Бір сөзбен айтқанда, қасиетті Қармақшы өңірінің жұртшылығы ел Тәуелсіздігініғң 25 жылдық мерейтойын еңбектегі және қоғамдық өмірдегі толымды табыстарымен, белсенді іс-қимылдарымен қарсы алғалы отыр. Ел тарихындағы елеулі кезең аудан халқына тың күш-жігер, соны еңбек серпінін береді деген сенімдеміз.

Сұхбатты жүргізген  Ибрагим Бекмаханұлы




Пікір қалдыру