«Almaty invest-2016» форумында 300 млрд теңгені құрайтын меморандумға қол қойылды

Алматыда «Almaty invest-2016» халықаралық форумы аясында жалпы сомасы 300 млрд теңгені құрайтын меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Нақтырақ айтқанда, «Almaty invest-2016» халықаралық инвестициялық форумы аясында құны 300 млрд теңгені құрайтын 53 меморандумға қол қойылды», делінген Алматы әкімдігі баспасөз хабарламасында.

Айта кетейік, бүгін Алматыда Ritz-Carlton қонақ үйінде Алматы қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Almaty invest-2016» форумы өтіп жатыр.

Халықаралық экономикалық жиынға қала әкімі Бауыржан Байбек, ҚР ҰБ төрағасы Данияр Ақышев, UBS Asset Management стратегиялар және жаһандық нарықтар бойынша басшысы Массимилиано Кастелии мен Sanlas hoiding компаниясының негізін қалаушы Гюнтер Небель секілді сарапшылар қатысуда. Жалпы форумға беделді саясаткерлер, әлемдік және отандық бизнес көшбасшылары, инвестициялық корпорациялар басшылары, қаржы институттары мен халықаралық ұйымдардан барлығы 500-ге тарта жоғары қызметтердегі мамандар келді.

Форумда сауда және қызмет көрсету саласы, тамақ өнеркәсібі, іскерлік туризм, мемлекеттік-жеке серіктестік және индустриалдық даму секілді 5 басым бағыт бойынша Алматы қаласының инвестициялық мүмкіндіктері талқыланды.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *