Мемлекет басшысы Пәкістанға көңіл айту жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Пәкістанға көңіл айту жеделхатын жолдады

Қазақстан Президенті Пәкістан Ислам Республикасының Президенті Мамнун Хусейнге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Жеделхатта Пәкістандағы ұшақ апаты салдарынан адамдардың қаза болғаны туралы хабарды Мемлекет басшысының зор күйзеліспен қабылдағаны айтылған.

Нұрсұлтан Назарбаев орны толмас қайғыға ортақтасып, Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан қаза болғандардың туыстары мен жақындарына, сондай-ақ барша Пәкістан халқына көңіл айтты.




Пікір қалдыру