«Үркер-үміт» жеңімпаздарын марапаттады

Бүгін ҚР Ұлттық кітапханасында «Қазақ газеттері» ЖШС-на қарасты «Үркер» әдеби-мәдени, қоғамдық-саяси журналының «Үркер-үміт» атты жас таланттар байқауының жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті. 2010 жылы бастау алған байқау проза, поэзия, публицистика жанрларына қалам тартқан жастард қолдауды  мақсат тұтып, осымен екінші мәрте өткізіліп отыр.

         Марапаттау рәсімін «Қазақ газеттері» ЖШС-нің Бас директоры-Редакторлар кеңесінің Төрағасы Жұмабек Кенжалин құттықтау сөзбен ашып, аталмыш төл жоба ұлттық әдебиетімізді жастар арасында дәріптеудің таптырмас құралы екенін баса айтты._MG_6869

«Үркер» журналының Бас редакторы, жазушы Қуандық Түменбай байқауға бір жыл ішінде 50-ден астам шығарма келіп түскенін айтып, байқау өте тартысты өткендіктен үздіктерді анықтау қиын болғанын жасырмады.
_MG_6900

Қазылар алқасының шешімімен проза жанры бойынша «Қазақ әдебиеті» газетінің тілшісі Әлібек Байболдың «Қамшының көлеңкесі» шығармасы мен  жазушы, Семей қалалық Мәдениет және Тілдерді дамыту бөлімінің инспекторы Қуат Қиықбайдың «Тәуелсіз тоқал» әңгімелері үздік деп танылды. Ал «Қазақстан» РТРК АҚ Қызылорда облыстық филиалының қызметкері Толқын Қабылша «Көз жасын күн сүйетін көктеммін мен» атты өлеңдер топтамасымен  поэзия жанры бойынша жұлдегер атанса, «Қазақ газеттері» ЖШС-нің қызметкері Нұрлан Құмардың «Аламан бәйге – ауыл баласының арманы» атты мақаласы публицистика жанры бойынша жеңіске жетті. Жеңімпаздар арнайы дипломмен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

_MG_6878

         Марапаттау рәсімінде ҚР Жазушылар одағы Басқармасы төрағасының орынбасары Маралтай Райымбекұлы, «Ан-Арыс» баспасының директоры  Кәдірбек Құныпияұлы, Алматы қалалық Тілдерді дамыту басқармасы Ономастика бөлімінің басшысы Өтепберген Қалабай жеңімпаздарды құттықтап, сый-сияпаттарын  ұсынды. _MG_6932 _MG_6983

_MG_6914

Ақбота ИСЛӘМБЕК




6 пікір “«Үркер-үміт» жеңімпаздарын марапаттады

  1. Заманбек

    Жеңіңпаздардың әңгіме ,прозаларын оқып шықтым.Үркердің ұйымдастырған Үміт бәйгесіне лайықты екені сөзссіз!

  2. Әсем

    Салтанатты шара,жоғары денгейде өтті.Жақсы әсер алып қайттым!

  3. Алмаш

    Осындай байқаулар жиі ұйымдастырылып тұрса, жас таланттардың қанаттары қатая берер еді… Іс-шара жоғары деңгейде өтті, «Қазақ газеттері» серіктестігіне алдағы уақытта да биік белестерден көірне беруіне тілектеспіз

  4. Асқар

    Үркер Үміт бәйгесінің жеңіңпаздары әр өңірден келіп жатты.Бұлда бір қуантарлық жәйт.Сый сыйапаттарыда қомақты болды десем артық айтқандық емес.Осындай байқаулар Жас таланттарға мотивация болары хақ,Өз басым бұл байқауға кешігіп қалғаныма өкіндім.Ештен кеш жақсы,келесі жылы қатысармын.Үркер журналының ұжымына алғыс білдіремін.Оқырмандар саны көбейе түссін!

  5. Асан

    Тәуелсіз Тоқал әнгімесін оқып көріңіздер.Өте әсерлі.

  6. Ай-Керім Қиықбай

    Қуатым! Кезекті жеңісің құтты болсын! Қаламың мұқалмасын! Орны, жолы бөлек жазушы бол! Біз Сені мақтан тұтамыз!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *