Барак Обама 10 қаңтарда қоштасу сөзін сөйлейді

232

Президенттік мерзімі аяқталған АҚШ-тың қазіргі басшысы Барак Обама өзінің қоштасу сөзін 10 қаңтарда Чикаго қаласында сөйлейтін болды.

 Бұл туралы мәлімдеме Ақ үйдің сайтында жарияланды. Президент Обама өз баяндамасында елдің соңғы 8 жылда жеткен жетістіктері мен келешегіне қатысты мәселелерге тоқталатынын мәлімдеді. Айта кетейік, АҚШ-та 20 қаңтарда жаңа сайланған президент Дональд Трампты ұлықтау рәсімі өтеді. Вашингтон қаласындағы Капитолий ғимаратында болатын салтанатты шараға 3 миллионнан астам қонақ қатысады.

Хабар 24.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *