Б.Сағынтаев ІІМ басшысына Шахандағы жағдайды бақылауда ұстауды тапсырды

Бүгін премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Шахан кентіндегі трагедияның салдарын жою барысына қатысты құзырлы органдардың ақпаратын тыңдады, деп хабарлайды Baq.kz  тілшісіне сілтеме жасаған Kazgazeta.kz.

 Бүгін Үкімет үйінде премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Ішкі істер министрі Қ.Қасымов пен Қарағанды облысының әкімі Н.Әбдібековтің ТЖ салдарын жою бойынша іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру, сондай-ақ қаза тапқандардың туыстары мен зардап шеккендерге көмек көрсету шаралары туралы ақпаратын тыңдады.

Үкімет басшысы Ішкі істер министрі мен облыс әкіміне Шахан кентіндегі жағдайды ерекше бақылауда ұстауды тапсырды.

Естеріңізге салып өтсек, 1 қаңтар күні кешке Шахан кентінде көп қабатты тұрғын үйдің бір бөлігі опырылды. Салдарынан 9 адам қаза тауып, тағы екеуі ауруханаға жатқызылды. Қазіргі таңда апатты-құтқару жұмыстары аяқталды.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *