Елбасы православие христиандарын Рождествомен құттықтады

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев православие христиандарын Рождествомен құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

 Қымбатты отандастар!

Православие христиандарын Рождество мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл жарқын мереке қоғам өміріндегі жоғары адамгершілік бастамаларды нығайтатын өшпес рухани және моральдық құндылықтарды сақтауға ықпал етеді.

Рождество – бұл әлемнің жаңаруының, игілік пен әділдіктің, қайырымдылықтың және көмек пен қамқорлыққа зәру адамдарға шынайы көңіл бөлудің нышаны.

Қазақстанда православие қауымы басқа конфессиялардың қатарында еліміздің өміріне белсене атсалысып, халықтың бірлігіне, қоғамдық келісім мен дінаралық диалогқа баға жетпес үлесін қосып келеді.

Мұның барлығы біздің қазақстандық татулық пен жасампаздық, көркею мен даму моделінің негіздерін нығайтуға ықпал етеді.

Рождество мерекесінде баршаңызға бақыт, сәттілік пен амандық-саулық тілеймін!




1 пікір “Елбасы православие христиандарын Рождествомен құттықтады

  1. Нәзік

    Біздің қоғамдағы татулық пен бірлік, әрі басқа ұлт және дін өкілдеріне деген сыйластық Елбасы саясатының арқасында орнап отыр.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *