eGov.kz порталы арқылы уақытша тіркелу мүмкіндігі қарастырылмаған

184

Электронды үкіметтің ресми порталы Фейсбуктегі парақшасында тұрғылықты жерде уақытша тіркелу тәсілін түсіндірді.

«Құрметті пайдаланушылар! Тұрғылықты жерде уақытша тіркелу жөніндегі сұрақтарыңыз бойынша келесі хабарламамен танысуды өтінеміз.

Порталымыздағы электронды қызметте тұрғылықты жерде УАҚЫТША тіркелу функциясы ескерілмеген. Ол қызмет тек қана тұрғылықты жерде ТҰРАҚТЫ тіркелу бойынша өтінімдерді қабылдап өңдейді.

Бірқатар БАҚ-та жарияланған «eGov.kz порталы арқылы уақытша тіркелуге болады» деген ақпарат нақты мәліметтерге сәйкес емес.Тұрғылықты жерде уақытша тіркелу үшін ХҚКО-ға барып, өтініш жіберуіңіз қажет» делінген хабарламада.

inform.kz

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *