Б.Сағынтаев азаматтардың тіркелу нормаларын ауқымды түсіндіруді тапсырды

Б.Сағынтаев азаматтардың тіркелу нормалары туралы ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің ресми сайты хабарлайды.

ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Үкімет отырысы барысында министрліктерге азаматтардың келген жерінде уақытша тіркелу нормалары мен ережелері туралы ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

«Қазір қоғамда, бұқаралық ақпарат құралдарында азаматтардың уақытша тіркелуіне қатысты тақырып белсенді түрде талқылануда. Адамдардың сауалдары көп, ал ақпарат жеткіліксіз. ХҚКО-ларда кезек көбейген», — деді Б. Сағынтаев.

Премьер-министр ҚР ІІМ-іне ҚР АКМ-мен бірлесіп жаңашылдықты түсіндіру бойынша ауқымды ақпараттық жұмыстар жүргізуді және тіркеу шарасын барынша жедел жүзеге асыруды тапсырды. Б. Сағынтаев бұл «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының да міндеті екенін еске салды.

Б.Сағынтаев азаматтарға олар үшін қолайлы уақытта тіркелуге мүмкіндік беру керектігін және ол үшін ХҚКО-ында жұмыс істейтін терезелер санын барынша көбейтіп, қызмет көрсететін операторлар санын жеткілікті ету керектігін атап өтті.

24.kz




1 пікір “Б.Сағынтаев азаматтардың тіркелу нормаларын ауқымды түсіндіруді тапсырды

  1. Жания

    Адамдар неге сонша шулайды екен? Тіркеусіз де жүруге болмайды ғой. Онсыз емханаға қаралуға да мүмкін емес. Сондықтан тіркеуге тұрған абзал.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *