Сирия президенті: Астанада келіссөздер егжей-тегжейлі талқыланады

Сирия үкіметі 23 қаңтарда Астанада өтетін келіссөздерге қатысуға дайын. Түркия мен Ресей елдегі жағдай бойынша бітімгер болады деп күтіліп отыр.

Бұдан бұрын француздық саясаткер Тъери Мариани Сирия президенті Башар әл-Асад үкіметпен қақтығысушы топпен келіссөздер жүргізуге даяр екенін айтқан болатын. Оның айтуынша, олар әскери іс-қимылдарды тоқтатып, ымыраға келуге дайын. Сондай-ақ, ол сириялық көшбасшы әскерінің адам өлтірмегенін айтқанын мәлімдеді. Дегенмен, мемлекет тарапынан да қателіктер кетуі мүмкін екенін мойындады.

Асад лаңкестерді Дамасктегі басты су көзін басып алды деген айып тағып, әскерилер оны таяу уақытта қайтарады деп уәде етті.

«Біз бар күш-жігерімізбен күресіп жатырмыз. Барлық лаңкестің көзін толық жойған кезде жеңіске жетеміз», — деді Асад өткен айда Алеппоны басып алғанын ескертіп.

Жауынгерлер басып алған Алеппоның шығыс бөлігі желтоқсанда босатылды. Ұзаққа созылған шабуылдан кейін көтерілісші топ райынан қайтты. Сөйтіп, бұрын жаулап алған аумақтың 90 пайызынан айырылып қалды. Бұл жеңіліс сириялық көтеріліс қозғалысы үшін 6 жылдағы дау-жанжалда ең жойқын болды.  310 000 астам адамның өмірін қиды.

Әл-Жазирдан Хашем Ахелбара сириялық оппозиция ықтимал татуластыққа қарамастан, болған оқиғаның шиеленілуіне қатты алаңдаушылық білдіргенін айтты. Өйткені, олар Асадтың сөзінде тұратынына сенбейді. Көбіне сириялық көшбасшымен «мәселені шешу мүмкін емес» деп есептейді.

Қаланы бомбалап, мыңдаған бейбіт адам өліміне себеп болған оқиғаға қатысты Асад француздық БАҚ France info-ға берген сұхбатында былай деген: «Кейде осылай істеуге тура келеді. Ақыр аяғында адамдар лаңкестерден босатылды. Әрине, Сирия халқы үшін еліміздің әр бөлігінің қирап, айналада қан төгіс болып жатқанын көру өте ауыр. Әрбір соғыс қасірет әкеледі, дегенмен бұл халық көтерілісшілердің езгісіне ұшырағаннан жақсы емес».

Еске салай кетейік, Сирияға қатысты келіссөздер Астанада 23 қаңтарда өтеді. Алайда, Түркия СІМ атыс режимі тоқтатылмаған жағдайда Астанада бұл шара болмауы мүмкін екендігін мәлім етті.

Дереккөз: malaysiandigest.com




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *