b24037775c68afdbc7baa8347f3d1189_crop_l_-1_t_0_w_1203_h_676

Универсиада кезінде Алматының оқушыларына сабақ болмайды

Алматыдағы Дүниежүзілік универсиадаға санаулы күндер қалды. Оңтүстік астана маңызды шараға барынша дайындалып жатыр. Универсиадаға байланысты Алматы қаласының оқушылары үшін қаңтардың 30-ы мен ақпанның 8-і аралығына қосымша демалыс күндері енгізілді, деп хабарлайды BNews.kz  тілшісіне  сілтеме  жасаған  Kazgazeta.kz.

Халықаралық маңызды жарыстарды өткізетін барлық елде осындай шаралар қолданылады. Жергілікті оқушылар сайыстарды көріп, өздерін салауатты өмір сүру салтына тәрбиелесін, өз қаласында болып жатқан шараны сезінсін деген мақсатта жасалады.

Дегенмен, Алматының білім басқармасында хабарлағандай, бұл қосымша демалыс күндері Наурыз мерекесіндегі – 21, 22, 23 наурыз күндеріндегі демалысқа еш кедергі келтірмейді. Оқушылар 24 наурыздан бастап 1 сәуірге дейін оқуын жалғастырады да, 1 сәуірде тоқсандық бағалары қойылады.

4 сәуірде 4-тоқсан басталады.

Оқудағы өзгерістер Алматының ЖОО мен колледждеріне қатысты емес.




2 пікір “Универсиада кезінде Алматының оқушыларына сабақ болмайды

  1. Самал

    Жақсы болды ғой. Балаларымызды Универсиадаға апаратын болдық.

  2. Жібек

    Түсінікті. Осынау әлемдік дегейдегі шара кезінде оқушылардың демалғаны да жақсы.

Пікір қалдыру