Елбасы Өмірзақ Шөкеевті қабылдады

Елбасы Өмірзақ Шөкеевті қабылдады

Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Өмірзақ Шөкеевті қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

 Мемлекет басшысына кездесу барысында 2016 жылдың қорытындысы бойынша Қордың даму көрсеткіштері жөнінде мәлімделді.

Сондай-ақ, Ө.Шөкеев Қазақстан Президентіне «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының қарауындағы активтер мен электр стансасының қызметін жекешелендіру барысы жөнінде айтты. Бүгінде Қордың сатуға қойылған 217 активінің 120 нысаны баланстан шығарылған.

– Екінші тізімдегі нысандардың 70%-ы іске асырылып, бірінші тізімнің 11 ірі нысаны жөнінде шетелдік инвесторлармен келіссөздер жүргізіліп жатыр, – деді «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы.

Елбасы бірінші кезекте Қазақстанда Сингапурдың «Темасек» қорының моделі бойынша холдинг құру жөнінде міндет қойылғанына тоқталып, осыған байланысты «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамын трансформациялауды сапалы жүргізудің маңыздылығын атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берілді.




1 пікір “Елбасы Өмірзақ Шөкеевті қабылдады

  1. Зәуре

    Өмірзақ мырзаның қызметін халық жоғары бағалайды деген ойдамын. Қанша басшылық орындарда болды, барлығында да жақсы нәтиже көрсетті. Халыққа сыйлы азамат, бір сөзбен айтқанда.

Пікір қалдыру