Елбасының саяси үндеуі БҰҰ-ның ресми құжаты атанды

Нұрсұлтан Назарбаевтың БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне арнаған саяси үндеуі әлемдік ұйымның ресми құжаты мәртебесін алды. Ұйым хатшылығы оған S-2017-19 нөмірін беріп, халықаралық бірлестікке мүше барлық елге және ұйымның ресми электронды құжаттар жүйесін бақылаушы ұйымдарға таратты. Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 2017-2018 жылдар кезеңінде тұрақты емес мүшесі ретінде «Шиеленістердің алдын алу және бейбітшілікті сақтау» тақырыбында ашық пікірталастарға қатысады.

Осы пікірталас аясында Қазақстанның Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қауіпсіз, әділ және өркендеген әлем құру үшін жаһандық әріптестікті нығайту жөніндегі Қазақстанның тұжырымдамалық көзқарасы» атты саяси үндеуін таныстырды. Жиынға жаһандық ұйымның жаңадан сайланған Бас хатшысы Антониу Гутерриш те қатысты. Елбасының үндеуі Біріккен Ұлттар Ұйымының басшылығы мен Қауіпсіздік кеңесіне мүше өзге елдер тарапынан жоғары бағаланды. Әсіресе Қазақстан Президентінің жаһандық бейбітшілік пен қауіпсіздікті бекемдеуде әріптестікті дамытып, жұдырықтай жұмылуға үндеуі ұйымда талқыланған тақырыппен үндестік тапқан. Ұйым мүшелері Қазақстан Президентінің адам өмірі мен ар-ұжданын қорғау жолындағы ашықтығы мен ерекшелігін атап өтті.

24.kz




1 пікір “Елбасының саяси үндеуі БҰҰ-ның ресми құжаты атанды

  1. Назерке

    Қуаныштымыз. Бұл жеңіс десек те болады. Елбасы үндеуі әлемді мойындатты және бей-жай қалдырмады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *