KYS  mezgili

Ауылдың сәні – қаңтардың қары

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап, келіп қалды…
Абай

Міне, қыс мезгілінің екінші айына да келіп жеттік. Қаңтар айын өткізудеміз. Ата-бабамыз «Қыстың көзі қырауда» деп тегін айтпаған ғой. Қырау да, алай-дүлей боран да, сықырлаған сары аяз да табиғаттың осы мезгілінде көрініс табады. Ауа райын болжау мамандары қаңтар айында, әсіресе Солтүстік өңірлерде қар, бұрқасын, екпінді жел, кейбір жерлерде көктайғақ болады дейді. Қазір қаһарлы қыс күшіне енген кез. Бұл шақ ауылдағы ағайынға да оңай соқпайтыны анық. Ауласын омбы қардан аршып, қолындағы малының жем-шөбін қамдап, біраз әбігерге түседі. Мұндайда үскірік аяз да жеңіл тимейді. Ширақтық, табандылық танытатын кез де осы. Өйткені «Кәрі құдамыз» қыстың әлегі бөлек.
Биылғы қаңтардың ерекшелігі – айдың соңында Алматыда Дүниежүзілік қысқы Универсиада ойындары жалауын көтереді. Бұл маңызды шараны биік дәрежесінде өткізуіміз керек. Қандай ғажап, қазақ даласының, қазақ табиғатының қысында, ақ қар, көк мұзының үстінде әлемнің жас спортшылары өзара бақ сынасады. Ел мерейінің өсіп, мәртебесінің биіктегені осы емес пе. Иә, қаңтар айы халқымызға құт айы болсын!




3 пікір “Ауылдың сәні – қаңтардың қары

  1. Айзада

    Қыс суығымен, қалың қарымен тамаша ғой. Төрт мезгілдің өз ерекшелігі бар. Қыс сол қара суығымен ерекше. Ал ауылдың қысы тіптен керемет. Сықырлаған қары, үскірік желі бір ертегідей.

  2. Сәнді

    Универсиада таяп қалды. Қардың қалың болғанын тілеудеміз. Өйткені спорттық жарыстардың дені табиғат аясында өтпек. Бәрі де сәтімен болғай.

Пікір қалдыру