Айтылмаған ақиқат немесе Ұлы Отан соғысының беймәлім беттері

Иә, соғыстың беймәлім сәттері де болады екен. Мемлекет аралық «Алтын ғасыр» газетінің бас редакторы, Қазақстанның құрметті журналисі, тарихшы Жұмабай Доспановтың осы соғыс тақырыбын зерттей бастағанына 6 жыл болыпты. Осы жылдар ішінде жинақтаған материалдары бірнеше папкіге жүк болып тұр. Ұлы Отан соғысының біткеніне де біраз уақыт болды. Алайда ұлынан айырылған ананың, қосағынан айырылған жесірдің, әкесінен айырылған баланың үміті әлі де сөнер емес. «Алтын тапқан жерді белден қаз» дегендей, біз тарихшының алты жылда жинақтаған материалдары босқа кетпесін деп осы сұхбатты ұйымдастырып отырмыз.

− Жұмабай Орынғалиұлы, өзіңізден екі жыл ішінде бір тақырып бойынша үшінші сұхбатты алып отырмын. Бұған себеп – таңдаған тақырыбыңыздың мемлекеттік тұрғыда аса құндылығы, халыққа жақындығы мен қажеттілігі, 6 жыл бойына еш тынбастан анықтау-зерттеумен майдангер қазақ офицерлері санын 12 мыңға жеткізіп тынғаныңыз дер едім. Бұл сан айтуға оңай болға­нымен, солардың әрқайсысын инемен құдық қазғандай күйде іздеп-тапқан, жинақтаумен ретке келтірген бір адам екеніне мән берсек, кәдімгі фантастикалық көрсеткіш демеске шара жоқ.
«Екінші дүниежүзілік соғыстағы қазақ офицерлері» атты кітабыңызды жалғастырумен 25 томдық етіп жазып, баспаға тапсырыпсыз. Қазақстан ­тарихында жалғыз автордың рекордтық көрсеткіші саналатын бұл аса қомақты еңбегіңізде тамаша деректердің мол екені сөзсіз. Енді оқырмандарға ерекшеліктерімен есімдері еріксіз селт еткізетін жеке тұлғаларды атасаңыз?
− Құттыгерей, қыркүйекте берген сұхбатымда ерен ерлік көрсеткен танк ротасының командирі Ж.Рахметов, атқыштар батальонының командирі Ш.Қабдоносов, танк командирлері Қ.Сәрсембаев пен И.Бектемісов, ­СУ-76 командирі Ж.Берқалиев, пулемет ротасының командирі С.Оралбеков туралы айтқанмын. Мына сұрағыңа жауап ретінде толықтырайын.
Екі танк батальонын басқарған капитан Қанафия Абдуллиннің (Семей облысы) тек екі ұрыстағы ерлігін құжат бойынша оқыңыздар:
«Сметав боевое охранение противника тов. Абдуллин первым достиг линию обороны и своим танком уничтожил 2 противотанковые пушки, 1 ДЗОТ, 3 пулеметных точки, 8 человек пехоты противника. Остальные танковые экипажи воодушевленные примером командира батальона, в этой боевой операции уничтожило свыше взвода пехоты, 11 огневых точек, 2 миномета, 4 противотанковых пушки».Uly Otan

Ulu otan1

1944 жылдың 11 қазанында атқыштар ротасының командирі, ақтөбелік аға лейтенант Ғұбайдолла Ақтаев жауынгерлерін шабуылға бастап, дұшпан траншеясына бірінші болып жетеді де, жан беріп, жан алысқан тар жерде бір өзі 8 қарулы немістің көзін жояды.
Атқыштар ротасының командирі, аға лейтенант Қали Ақтановты (Қостанай) ­марапаттау парағынан үзінді: «14 февраля 1944 года при сильной контратаке противника выбил из строя командира роты – он тут же принял командование на себя и 9 раз водил роту в атаку. Тов. Актанов в траншейном бою лично уничтожил до 15 немцев».
Жамбыл облысының тумасы, атқыштар ротасының командирі, лейтенант ­Балтабай Адамбаевты 1-дәрежелі «Отан соғысы» орденіне ұсынғандағы марапаттау парағынан үзінді:
«Во время боя 30 сентября 1942 года, в районе отметки 113.0 после отражения двух атак танков и пехоты противника, враг атаковал 1-ю роту три раза силою 15 танков и пехотой до 50 автоматчиков. Командир 1-й роты гвардии лейтенант Адамбаев уцелевшими бойцами – 8 человек и раненым политруком этой роты Михайловым вступили в неравный бой. Гвардии лейтенант Адамбаев взял противотанковое ружье у погибшего расчета и лично подбил 7 танков, остальные отошли. Тогда Адамбаев открыл огонь из автомата по пехоте и экипажам танков – сразил 13 гитлеровцев, отразив атаку танков и пехоты противника со своей малочисленной группой. В этом бою тов. Адамбаев погиб смертью храбрых».
Сол 30 қыркүйекте өлімші болып ауыр жараланған Б.Адамбаевты көрші дивизияның санитарлары тауып алып, өздерінің медсанбатына әкетеді, одан әрі тылдағы эвакуациялық госпитальге жөнелтеді. Ол бұған дейін-ақ 4 танк пен 28 фашисті жойып үлгерген.
Үйіне 1942 жылдың 30 қыркүйегінде қаза тапқаны, РСФСР-дің Орджоникидзе өлкесіндегі Наурск ауданының Алпатовск совхозы аумағындағы 5-бөлімшеге жерленгені туралы хабар келеді. Балтекең 11 ай госпитальде емделгесін, жарамсыз мүгедек ретінде әскерден босатылады. 1951 жылы ҚазМУ-ді бітіреді, филология ғылымының кандидаты атанады. 1985 жылдың 6 сәуірінде аталған орденді екінші рет иеленеді.
Орынбор облысының түлегі, СУ-76 командирі, төрт орденді лейтенант Мұхтар Айсүгіровтің үш түрлі ерлігіне назар аударыңыздар.
«СУ под командованием младшего лейтенанта Айсугурова нанесла противнику урон: разбито 4 ДЗОТа, 2 минометных и 3 противотанковых батарей, 9 отдельных минометов, 75 мм орудие разбито и 6 ­захвачено исправными, разбито и сожжено 9 машины с боеприпасами и вооружением, повозок – 50, истреблено не менее роты солдат и офицеров противника, захвачено до 150 человек пленными.
3 августа 1944 года».
«В ночном бою с 27 на 28 января 1945 года экипаж лейтенанта Айсугурова уничтожил 3 пулеметных точки, два 75 мм пушки и столько же бронетранспортера противника. Частично уничтожено до 50 фашистских солдат и офицеров.
В районе Тыкы экипаж тов. Айсугурова еще раз уничтожил из личного оружия и пушки до 20 солдат и 1 офицера противника.
5 февраля 1945 года в бою лейтенант ­Айсугуров вновь проявил храбрость и стойкость, экипажем уничтожено 2 пулемета и до 10 вражеских солдат.
23 февраля 1945 года».
«5 апреля тов. Айсугуров огнем своего орудия уничтожил 5 пулеметов и 2 пушки.
6 апреля экипаж тов. Айсугурова проявил исключительную стойкость, уничтожено: 3 пулемета, 1 противотанковая пушка, до 20 солдат противника и подбит 1 танк.
17 апреля 1945 года».
ИСУ-152 командирі, кіші лейтенант Қуаныш Ақсақаловтың (ОҚО) экипажы тек 1944 жылдың наурызы мен сәуірінде қарсыластың 6 танкісін, 8 зеңбірегін, 12 минометін, 6 ДЗОТ-ын, 500-ге тарта жауынгерін жойып жіберген.
Атқыштар батальонының штаб бастығы, аға лейтенант Хұсайын Ақназаровтың­ ­(Батыс Қазақстан облысынан) бір шайқастағы ерлігі туралы құжатта не жазылғанын білейік.
«В наступательном бою 23 августа 1944 года, тов. Акназаров ворвавшись в траншеи противника в рукопашной схватке лично уничтожил 7 вражеских солдат и 2-х офицеров, при этом пленив 9 фашистов».
Жамбылдық лейтенант Рахымбай Алдабергеновтің ерлігі айтып жүруге тұрарлық.
«В боях за дер. Майдан-Суски его танк был подбит, а сам получил тяжелое ранение. Несмотря на ранение он вел бой отражая ­контратаку противника. Огнем из своего танка уничтожил 2 тяжелых самоходных орудия типа «Фердинанд» и 1 танк. От вторичного попадения снаряда танк загорелся, но он не бросая его вел огонь и уничтожил горевшим танком 3 орудия и до 80 солдат и офицеров противника».
Алдабергенов 1944 жылдың 31 қазанында ауыр жаралану мен дене күйігінен госпитальде көз жұмған.
Қорғанысы өте мықты Берлин аспанына 1945 жылдың 16-25 сәуірінде алғашқылар болып 20 шақты ғана шабуылдаушы ұшақтар кіре алған. Солардың үшеуі біздің қазақ жігіттер: эскадрилья командирі Талғат Бигелдинов, ұшқыш-офицерлер Плис Нұрпейісов пен Байзолла Әкежанов еді. Олар қаланы толықтай суретке түсірген, нысандарды атқылаған, бомбалаған.
1945 жылдың 23-26 сәуірі аралығында атқыштар взводының командирі, лейтенант Лаулан Ағабековтің (ОҚО) бір өзі жаудың 7 пулемет нүктесін, 1 офицері мен 19 солдатын жойған.
Жаяу барлау взводының командирі, лейтенант Қапас Ақшымбаев (Ақмола) барлауға ылғи да 3-5 адам болып барып, 3,5 жыл ішінде 150-ден астам әскери тапсырманы бұлжытпай орындаған. Осы мерзімде оның тобы қарсы жақтың 17 ДЗОТ-ын, 33 станокты пулеметін, 11 минометін, 7 зеңбірегін, 14 блиндажын, 35 жүк машинасын, 300-дей қарулы жандарын жойып, 76 «тіл» (8-і офицер) әкеледі. Ақшымбаев қазақ офицерлері арасында ең көп – 9 рет (21.07.1941, 25.10.1941, 29.12.1941, 18.09.1942, 15.11.1942, 29.03.1943, 12.07.1943, 21.07.1944, 14.01.1945) жараланған қайсар азамат.
1960-1963 жылдары Ақтөбе облыстық кеңесінің төрағасы қызметін атқарған Орынбордың қазағы, капитан Өтеміс Алдабергеновтің бір ерлігі:
«В бою за город Хохен-Фридберг тов. ­Алдабергенов находясь со своей пулеметной ротой в боевых порядках, отражал контратакующего противника, при выбытим расчета сам лично вел огонь из пулемета, отразил 3 контратаки фашистов, уничтожив при этом до 40 немецких солдат и офицеров. Тем самым обеспечил батальону выполнение боевой задачи».
Польшаның Краков қаласы үшін шайқаста капитан Сағаділовтің ротасы мен жеке өзі 59-армияның үлгісіне қойылады. Оны мына құжат дәлелдейді. «Под командованием тов. Сагадилова рота уничтожила до 600 солдат и офицеров противника, одного подполковника и двух майоров. Уничтожил и захватил 47 автомашин, 5 танкеток и 2 танка. Лично подбил две танкетки, три автомашины с немцами, уничтожил из автомата 27 солдат и 3-х офицеров противника».
Мото-атқыштар батальоны командирінің сап бойынша орынбасары, 5 рет жараланған, 1943 жылдан капитан Қабжат Тоқбергеновтің жеке өзі 3 жыл ішіндегі ұрыстарда 300-ге ­тарта фашисті жер жастандырған, 4 минометті, 7 пулеметті жойған. «За два дня боев за г.Честнохова гв. капитан Токбергенов лично уничтожил до 100 гитлеровцев из автомата, в рукопашной схватке и гранатами.
Тов. ТОКБЕРГЕНОВ достоин присвоения звания ГЕРОЯ СОВЕТСКОГО СОЮЗА. 19.01.1945 г».Бұл атақтың орнына Ленин ордені берілген.
3 мәртеден «Жауынгерлік Қызыл Ту» және «Отан соғысы» ордендерінің иегері, Т-34 танкісінің, одан кейін танк взводының командирі лейтенант Сүлеймен Ибрагимов 1945 жылдың 2 мамырына дейін экипажымен жаудың 6 танкісін, 7 өздігінен жүретін қондырғысын, 13 ДЗОТ-ын, 7 пулеметін, 6 минометін, 120-ға тарта солдаты мен офицерін жойған. Оның соғыс аяқталардан бір апта бұрын бір күн ішінде жасаған алапат ерлігіне қанық болыңыздар. «Тов. Ибрагимов, где лично огнем пушки своего танка уничтожил: самоходных орудий – 5, повозок с боепрпасами – 15, грузовых машин – 2, легковых – 1, минометов – 3, до 60 солдат и офицеров противника, подбил 2 самоходных орудия.
За проявленное личное геройство, умелую организацию круговой обороны с. Ивань, за умелое отражение атак противника и нанесенный ущерб ему, тов. Ибрагимов достоин присвоения звания ГЕРОЯ СОВЕТСКОГО СОЮЗА. 15.05.1945». Бірақ ол атақтың орнына 3-ші рет «Жауынгерлік Қызыл Ту» ордені беріледі.
− Өткендегі сұхбатыңызда Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылған, бірақ ол берілмеген 33 қазақ офицер бар екенін айтқансыз. Оқырмандар соларды есімдерімен білгілері келгендіктен, атап берсеңіз? Бұларға «Халық Қаһарманы» атағын беруге мүмкіндік бар ма?
− Тағы бір қандасымыз қосылып, 34-ке жетті. Жасаған ерлігі сол жоғарғы атақ ережесіне сай келе тұра оған ұсынылмай, әртүрлі ордендермен марапатталғандар 100-ден асады. Енді сұрағыңыз бойынша тізімдеп берейін.
1. СӘРСЕЕВ Тәшен (1912, Алматы обл.) – гв. мед. қызметінің кіші лейтенанты, сан. нұсқаушы (1941 жылдың 25 желтоқсанында ұсынылған); 2. ЖЕТПІСБАЕВ ­Балтабек ­­(1907, Семей обл.) – аға политрук, ­батарея комиссары (23.07.1942); 3. ­РАХМЕТОВ Жұмаш (1919, Қарағанды обл. – 23.12.1942) – гв. аға лейтенант, танк ротасының командирі (13.01.1943); 4. АЙТМҰХАМБЕТОВ Хаби (1913, Ақтөбе обл.)– гв. лейтенант, дивизион барлауының бастығы (22.09.1943); 5. ДҮЙІСОВ Жұмабек (1902, Ақтөбе обл.) – гв. лейтенант, атқ. батальоны командирінің саяси орынбасары (27.09.1943); 6. ­АХМЕТОВ Қасым (1917, Қостанай обл. – 16.04.1945) – кіші лейтенант, автоматшылар взводының командирі (30.12.1943);7. ЕЛЕУСІЗОВ Сейітқали (1916, Қарағанды обл. – 22.03.1944) – аға лейтенант, полк инж. қызметінің бастығы (27.03.1944); 8. ҚОЗЫБАЕВ Бейсембек (1912, Семей обл.) – аға лейтенант, атқ.ротасының командирі (27.03.1944); 9. ИСАЕВ Владимир Михайлович (1919, Ақмола обл.) – гв. аға лейтенант, атқ. батальоны командирінің міндетін атқарушы (10.04.1944); 10. ҚҰСАЙЫНОВ Төлеу (1916, Ақмола обл. – 30.03.1944) – гв. кіші лейтенант, атқ. ротасының командирі (18.04.1944); 11. АЙЖАҚСЫНОВ Ысқақбай (1919, Семей обл.) – капитан, дивизион командирінің саяси орынбасары (4.07.1944); 12. ЕРЖАНОВ Орда (1923, Қызылорда обл.) – лейтенант, СУ-76 командирі (1.08.1944); 13. СӘРСЕКЕЕВ Ғаділбек (1908, ШҚО – 17.08.1944) – гв. лейтенант, атқ. взводының командирі (2.08.1944); 14. КӨКТАЕВ Қабыш (1922, Павлодар обл. – 20.04.1945) – гв. аға лейтенант, атқ. ротасының командирі, екі рет ұсынылған (12.08.1944, 4.02.1945); 15. СЕЙТҚАЗИНОВ Қанапия (1920, ШҚО – 10.03.1945, Польша) – аға лейтенант, атқ. батальоны командирінің сап бойынша орынбасары (9.09.1944); 16. ТОҚБЕРГЕНОВ Қабжат (1911, СҚО) – гв. капитан, мото-атқ. батальоны командирінің сап бойынша орынбасары (20.01.1945); 17. САҒАДІЛОВ Әбіш (1917, Павлодар обл.) – гв. аға лейтенант, атқ. ротасының командирі (22.01.1945); 18. МАДЬЯРОВ Мұхамеди (1906, Семей обл.) – гв. лейтенант, атқ. взводының командирі (25.01.1945); 19. МҰҚСИМОВ Ғайнен (1917, БҚО – 7.02.1945, Германия) – гв. кіші лейтенант, атқ. ротасының командирі (27.01.1945); 20. ЕРМАНОВ Құймағамбет (1918, БҚО) – лейтенант, атқ. ротасының командирі (29.01.1945); 21. МҰҚАТАЕВ Михаил (1920, Ақмола обл.) – лейтенант, зеңбірек взводының командирі (29.01.1945); 22. ШӘКІРОВ Сардар (1921, Қызылорда обл.) – гв. капитан, атқ. батальоны командирінің сап бойынша орынбасары (30.01.1945); 23. ­­­­НИЯЗАЛИЕВ Шамет (1924, БҚО) – лейтенант, пулемет взводының командирі (6.02.1945); 24. ҚҰДАКЕЛДИНОВ Қоңырбай (1909, ШҚО) – капитан, атқ. ротасының командирі (10.03.1945); ­­25. АХМЕТОВ Әбен (1916, Алматы обл.) – лейтенант, СУ-76 командирі (16.03.1945); 26. ҚАППАСОВ Хайрутдин (1914, СҚО) – гв. аға лейтенант, қылышшылар взводының командирі (22.03.1945); 27. ҚАРАМАНОВ ­Рахметолла (1909, Гурьев обл.) − аға лейтенант, атқ.батальонының партиялық ұйымдастырушысы (24.04.1945); ­­­28. ­ИТПАЕВ Молдахан (1906, ШҚО) – капитан, атқыштар ротасының командирі (29.04.1945); 29. МЕҢДІҒАЛИЕВ ­Аманша (1918, БҚО) – лейтенант, батарея командирі (30.04.1945); 30. ҚОШҚАРБАЕВ Рахымжан (1924, Ақмола обл.) – лейтенант, барлау взводының командирі (6.05.1945); 31. ИБРАГИМОВ Сүлеймен (1919, Семей обл.) – гв. лейтенант, танк взводының командирі (15.05.1945); 32. ШӘРІПОВ ­Саябек (1922, Ақмола обл.) – капитан, миномет батареясының командирі (23.05.1945); 33. ЕСІРКЕПОВ Байтұрсын (1917, Алматы обл.) – гв. капитан, авиация эскадрильясы командирінің сап бойынша орынбасары (7.06.1945); 34. ДҮЙСЕНОВ Ульфат (1919, Ақмола обл.) – гв. капитан, атқ. батальоны командирінің сап бойынша орынбасары (2.09.1945).
Тек қазақ офицерлері ғана емес, осы жоғары атақты алмағандарды ұлтына, шеніне қарап бөлместен іздеп, түгендеудемін. Сосын оларды «Халық Қаһарманы» атағына құжаттарын тіркеп ұсынбақшымын. Менің ойымша бұл шешілетін мәселе.
− Ұлы Отан соғысында қазақтардың ең көп қатысқан және молынан шығынға ұшырағандары Мәскеу, Сталинград пен «Курск доғасы» шайқастары делініп жүр. Бұл турасында 6 жыл бойы тынбастан соғыс құжаттарымен тыңғылықты айналысқан Сіз не айтасыз?
− Ақиқатын айтар болсам, алдымен қазақ офицерлері бойынша хабардар етейін. Ленинградты қорғауға 2027, Мәскеу мен Сталинград үшін шайқастарға 1562 және 1213 офицеріміз қатысты. Бұл 4802-нің 3217-сі (67 пайызы) саптан шықты (қаза болғандар, хабарсыз жоғалғандар, ауыр жараланғандар).
Ленинград облысы аумағындағы соғыс қимылдары 1941 жылдың тамызынан 1944 жылдың шілдесі аралығында өтті. Бұл аймақта кем дегенде 150 мың қазақ қару ұстап, дәл 3 жыл бойы шайқасты. Мәскеу түбіне бүгінгі Тверь, бұрынғы Калинин облысы өзінің атақты Ржевімен кіреді. Герман әскерлері 1944 жылдың маусымына дейін СССР астанасынан бар болғаны 250-400 шақырым жерде табандаумен тұрып алғанын көпшілік білмейді. Мәскеу үшін тірес 2 жыл 9 айға созылған. Оған қатысқан қазақтар саны 130-140 мыңның шамасы. Сталинград қаласындағы, оның сыртындағы алапат айқастар 7 ай бойы тәуліктеп жүріп жатты. Мұндағы Отан қорғаушы қандастарымыз 120 мыңнан кем емес.
Ресми есепте Екінші дүниежүзілік соғысқа тікелей қатысқан қазақтар 600 мың. Менің шамалауымша 700 мыңдай. Өйткені аталған тек 3 қаланы қорғауда 400-410 мың қару ұстаған қандасымыз болса – олардың 120-130 мыңы майданнан оралмады…
Көңілге қаяу түсіретін жай – өткен жылы Санкт-Петербург пен Мәскеуден, ал биыл Волгоградтан шовинистік пиғылдағылардың майдангер қазақтардың Екінші дүниежүзілік соғыстағы рөлдерін, ерлік-еңбектерін жоққа шығарғандарына Қазақстан тарапынан нақты дәлелдермен жауап қайтарылмағаны.
− Соғыстың бастапқы жылдарында майдангер қазақтардың жау тұтқынына көптеп түскендері айтылады. Ол турасында сіздің есеп-мәліметіңіз бар ма? Тұтқындардың қаншасы офицер? Олардың соғыстан кейінгі тағдыры туралы не айтасыз?
− Дүниежүзіліктің ішіндегі тек Ұлы Отан соғысында Қызыл Армияның 5,746 миллион жауынгерлері, офицер-генералдары қарсыластарының тұтқынында болды. Олардың дені – 5,295 миллион адам 1941 жылдың маусымынан 1943 жылдың маусымы аралығында жау қолына түскендер. Соғыстың заты соғыс, 1945 жылдың өзінде 34 мың, ал Қызыл Армияның Ұлы Жеңісімен аяқталды саналған 8 мамырда Батыс Еуропада соңғылар болып 1100-дей жауынгерлеріміз тұтқындалғанда жартысынан көбін атып тастаған.
Қазақтарға келсек, 12056 офицеріміздің 133-і (1,1 пайызы) тұтқында болған. 30 шақтысы одан қашып шығып, Францияда, ­Югославияда, Грекияда, Албанияда, ­Румынияда, Болгарияда, КСРО-ның ­батыс аймақтарында партизандар қатарында ортақ жаумен шайқасқан, іштерінде отряд, батальон, полк басқарғандар бар. Ал ресми 600 мың майдангеріміздің тұтқынға түскендері 72 мың (12 пайызы), олардың 18 мыңы «Түркістан» легионында қызмет етсе, 11 мыңы аурудан, аштықтан лагерьлерде қайтыс болған, тұтқыннан қашып шыққан 2 мыңның жартысынан көбі қаза тапқан, 3 мыңдай қазақ түрлі себептермен елге қайтпаған, үйлеріне оралған 38 мыңның 85 пайызы 3-тен 15 жыл мерзімге дейін бас бостандығынан айрылып кеңестік лагерьлерге айдалған.
«Түркістан» легионының үш ба­тальонының командирлері қазақ жігіттері Уәлихан Құрамысов, Әлімжан Исин, Әміров, шығыс мұсылман «СС» дивизиясы Түркістан полкының командирі қандасымыз Ғазизжан Әлімов 5,5 мың қарулы адамымен партизандарға қосылып кетті. Бұл төртеудің тағдырлары әзірге белгісіз…
− Жұмеке, Қазақстан ішінде, оның сыртында дүниеге келген қазақтың майдангер офицерлерін түгендеп болған тәріздісіз. Енді солардың ішіндегі атыраулықтар туралы толығырақ мәлімет берсеңіз?
− Өзің секілді, мен де тыным таппайтын адаммын. Облысымыздың құрылғанына 2018 жылдың 15 қаңтарында 80 жыл толады, яғни оған бір жыл ғана уақыт қалды. Онымен бір уақытта 6 ауданның 90 жылдықтары. Осыған байланысты шеніне, ұлтына айырмастан Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан жерлестерімді де анықтауға кірістім. Қазірдің өзінде кем дегенде екі орден алған жарты мың атыраулықтардың құжаттары қолымда. Оларды энциклопедиялық кітаптарға енгізуге, туған жерлерінде ескерткіш тақталар орнатуға, көшелерге есімдерін беруге облыс басшылығына ұсынбақпын. Байқап жүрген шығарсың, көше атауларын мұндай еңбегі жоқтардың көптеп иемденгендерін… Ескертетінім – бұл тізімге бұрыннан белгілі Совет Одағының Батырларын, «Даңқ» орденінің толық иегерлерін қоспадым.
− Сұхбатыңыздың өткен нөмірдегі бөлігінде Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылған, бірақ берілмеген 34 қазақ офицер тізіміне Атырау облысының Жылыой ауданында өмірге келген Р.Қарамановтың енгенін білдік. Ол жоғары атақ бұйырмаған өзге атыраулықтар бар ма?
− Бар әрине. 266-атқ. дивизиясының 1008-атқ. полкы құрамындағы 2-атқыштар батальонының партиялық ұйымдастырушысы аға лейтенант ­Рахметолла ҚАРАМАНОВТЫ майданда үш рет мемлекеттік марапатқа ұсынғанда барлығында да төмендетіледі. 2-дәрежелі «Отан соғысы» орденіне (24.05.1944) – «Қызыл Жұлдыз», «Жауынгерлік Қызыл Ту» орденіне (20.02.1945) – 1-дәрежелі «Отан соғысы», Совет Одағының Батыры атағына (29.04.1945) – «Жауынгерлік Қызыл Ту» ордендері беріледі. Ол кісі соғыстан кейін 10 жыл өз ауданындағы Сталин атындағы колхоздың председателі болған.
Жылыойдың тағы бір ері ­ДҮЙСЕН­БЕКОВ Сәди Бисенұлы (1922, Ембі ауылы, Жылыой ауданы), 19-мех. бригаданың 9-танк полкында танк мұнарасының командирі. Аға сержант. СОВЕТ ОДАҒЫНЫҢ ­БАТЫРЫ атағына ұсынылған (7.05.1945), берілмеген. «Жауынгерлік Қызыл Ту» (30.05.1945), 1-дәрежелі «Отан соғысы» (6.04.1985), 2 мәрте «Қызыл Жұлдыз» (6.02.1945, 30.11.1946), 3-дәрежелі «Даңқ» (13.03.1945), барлығы бес әскери ордендермен марапатталған. Ал ӨМІРЗАҚОВ Қаракүш (1916, Жылыой ауданы), 3-гв. әуе десанты дивизиясының 8-гв. әуе десанты полкы құрамында взвод командирінің көмекшісі. Гвардиялық сержант. СОВЕТ ОДАҒЫНЫҢ БАТЫРЫ атағына ұсынылған (23.03.1945), берілмеген. «Жауынгерлік Қызыл Ту» (18.04.1945), «Қызыл Жұлдыз» (24.03.1945) ордендерімен марапатталған.
Махамбеттік ДЖУМАШЕВ Джамиль (1919, Жалғансай селосы, Бақсай ауданы – 27.04.1945, Берлин қаласы, Германия), 117-гв. атқыштар полкы құрамында автоматшылар взводы командирінің көмекшісі. Гвардиялық аға сержант. СОВЕТ ОДАҒЫНЫҢ БАТЫРЫ атағына ұсынылған (7.05.1945), берілмеген. 1-дәрежелі «Отан соғысы» (20.07.1945), 3-дәрежелі «Даңқ» (27.07.1944) ордендерімен марапатталған.
Сөз соңында оқырман қауымға жеткізер жақсы жаңалығымыз да бар. Жаңа жыл қарсаңында «Дәуір» және «Ағатай» баспаларының бірігіп шығаруымен 25 томдық «Екінші дүниежүзілік соғыстағы қазақ офицерлері» атты кітап жарық көрді. Жинаққа 12056 майдангер офицерлердің есімдері енді.
− Сұхбатыңызға рақмет!

Әңгімелескен
Құттыгерей СМАДИЯР,
Қазақстан Журналистер
одағы сыйлығының лауреаты




2 пікір “Айтылмаған ақиқат немесе Ұлы Отан соғысының беймәлім беттері

  1. Жайна

    Сол сұрапыл соғыста ана баласынан, әйел күйеуінен, бала әкесінен айырылды. Көз жасы көл боп ақты ғой. Сондықтан тарихтың сол бетін біз ұмытпауға тиістіміз.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *