Экс-министр Қуандық Бишімбаев екі айға тұтқындалды

217

Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев тұтқындалды, деп хабарлайды Kazgazeta.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ұлттық бюросына сілтеме жасап.

 «12 қаңтарда Астананың №2 Алматы аудандық соты Қуандық Бишімбаевқа қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады», — деп хабарлады ұлттық бюродағылар.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

Естеріңізге салып өтсек, экс-министр Қуандық Бишімбаев ірі көлемде бірнеше рет пара алды деген күдікпен ұсталған болатын. Қ.Бишімбаев Астана ІІД уақытша ұстау абақтысына қамалды.




One thought on “Экс-министр Қуандық Бишімбаев екі айға тұтқындалды

  1. Ерназ

    Пікір айтып, кінәлау әлі ерте деген ойдамын.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *