АҚШ Сенаты Обама бекіткен реформаның күшін жою үдерісін бастады

240

АҚШ Сенаты президенттік мерзімі аяқталып қалған Барак Обаманың денсаулық сақтау реформасын тежеуге кірісіп кетті.

Дауыс беру кезінде сенаторлардың 51-і қолдап, 48-і қарсы шыққан. Енді Сенат комитеттерге аталған реформаның күшін жою туралы заңды әзірлеуге нұсқау береді. Бұл реформа Обама президент болған кезде қолға алынған ең ірі жобалардың бірі. Ол бойынша америкалықтар медициналық полис алуға міндеттелді. Кедей тұрғындарға мемлекет тарапынан көмек-қаржы ұсынылып келді. 2010 жылы заңды күшіне енген бұл бағдарламаның тиімділігін Обама кешегі қоштасу сөзінде тағы да қадап айтқан болатын. Сауалнама бойынша жергілікті азаматтардың жартысы бұл реформаны алып тастау керек деп есептейді. Жақында президент болып сайланған Дональд Трамп сайлауалды науқан кезінде сондай-ақ жеңіске жеткеннен кейін де Обама бекіткен денсаулық сақтау жүйесін ауыстыру керек деп бірнеше рет мәлімдеді. Ресми дерекке сүйенсек, 2014 жылы америкалықтардың мединициналық қызметке жұмсайтын шығыны 5%-дан асқан. Бұдан басқа, сақтандыру нарығы құлдырап, бірқатар компания құрдымға кетті.

24.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *