Сириялық оппозиция Астанадағы бейбіт келіссөздерді қолдады

286

Сирия оппозициясының Келіссөздер жоғары комитеті (КЖК) қаңтар айының соңында өтетін Астанадағы бейбіт келіссөздерге қарулы топтар ұсынатын делегацияны қолдайтынын мәлімдеді. Оппозиция мұндай мәлімдемені Twitter-дегі ресми парақшасына жариялады.

РБК атап өткендей, оппозиция әскери делегацияға қажетті материалдық-техникалық қолдау көрсетуге дайын екендігін мәлім етті. Комитет Қазақстандағы келіссөздерде талқыланатын ұсыныстарды және осы жоспарланған кездесуді Женевада өтетін саяси келіссөздерді жаңартуға арналған алдын ала жасалған қадам ретінде қарастыруды қолдайды.

Мәлімдемеде саяси мәртебе туралы келіссөздерге араб және халықаралық топтар, «әсіресе Сириямен көршілес елдер» қатысуының қажеттілігі атап өтіледі. Сириялық шиеленіс тараптары арасындағы келіссөздер 23 қаңтар күні Қазақстан елордасында өтеді.

Түркияның сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу Анкараның келіссөздерге қатысуындағы басты шарты Сириядағы бітімгершілік режімін сақтау екендігін атап өтті. Сондай-ақ, кездесуге Ресей делегациясы да қатысады.

ҚазАқпарат  агенттігі




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *